Мектеп формасын сақтайық
Мектепте білім алушылар арасында тәртіп пен біркелкілікті қалыптастыру, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектеп формасын сақтайық» тақырыбында түсіндіру жұмыстары қайта жүргізілді.Іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасын киюдің маңызы, оның мектеп мәдениеті мен тәртібіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Мектеп формасы оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулитыны, сондай-ақ оқушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.