КІТАПХАНА – БІЛІМНІҢ ҚАЗЫНАСЫ!
Мектепалды даярлық сынып бүлдіршіндері мектеп кітапханасына саяхат жасап, кітап әлемімен танысты. Мақсаты: балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапхана туралы түсініктерін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Балалар кітапхананың тыныш әрі ғажайып әлеміне саяхат жасап, түрлі кітаптарды қызығушылықпен тамашалады. Сынып жетекшісі: Н.Ж.Каленова