Кітапхана » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
КІТАПХАНА – БІЛІМНІҢ ҚАЗЫНАСЫ!
09
октябрь
2026
КІТАПХАНА – БІЛІМНІҢ ҚАЗЫНАСЫ!
  Мектепалды даярлық сынып бүлдіршіндері мектеп кітапханасына саяхат жасап, кітап әлемімен танысты.   Мақсаты: балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапхана туралы түсініктерін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Балалар кітапхананың тыныш әрі ғажайып әлеміне саяхат жасап, түрлі кітаптарды қызығушылықпен тамашалады. Сынып жетекшісі:  Н.Ж.Каленова
«Ұстаз салған даңғыл жол» челленджі
07
октябрь
2026
«Ұстаз салған даңғыл жол» челленджі
📚✨ Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұстаз салған даңғыл жол» челленджін біз де жалғастырамыз! Бұл игі бастаманы бізге №37 гимназияның оқушылары жолдады. Біз де челленджді қабыл алып, эстафетаны №36 мектептің оқушыларына жолдаймыз. 💫 Ұстаз — білім беріп қана қоймай, әр оқушыға болашаққа бағыт көрсететін жан. Ұстаз еңбегіне құрмет — әрқашан жүрегімізде! ❤️
«Бір айда – бір кітап» жобасы
06
октябрь
2026
«Бір айда – бір кітап» жобасы
«Бір айда – бір кітап» жобасы Кітап оқу – рухани байлықтың бастауы, білім мен танымның қайнар көзі. Ол адамды ойлануға, ізденуге және өмірді тереңірек түсінуге жетелейді. «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында 8 «В» сынып оқушысы Дикенов Керім өзі оқыған кітаптың мазмұнымен бөлісіп, шығармадан алған әсері мен өмірлік ой-түйіндерін ортаға салды. Кітап – ақылға азық, жүрекке нұр, санаға серпін беретін асыл қазына.Кітаппен дос болған ұрпақтың ойы ұшқыр, танымы терең, болашағы жарқын!
“Ертегілерден көрініс” атты ертегі айту байқауы
20
апрель
2026
“Ертегілерден көрініс” атты ертегі айту байқауы
23 сәуір -Ұлттық кітап күні мерекесіне орай мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Ертегілерден көрініс” атты ертегі айту байқауы өткізіліп, 2 “Ә” сынып оқушылары белсене. Оқушылар өздері оқыған ертегілерін мазмұндап айтып берді. Жауаптылар: кітапханашылар, бастауыш сынып мұғалімі Асанова М.О #ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат #Ұлттықкітапкүні_Абайоблысы
“Кітап оқу-жарық жол”атты ертеңгілік 4”Б” сынып оқушылары
10
апрель
2026
“Кітап оқу-жарық жол”атты ертеңгілік 4”Б” сынып оқушылары
23 сәуір-Ұлттық кітап күні мерекесіне орай мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Кітап оқу-жарық жол”атты ертеңгілік 4”Б” сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды #ҚРОқуАғартуМинистрлігі #БалаларКітапханасы #ҰлттықКітапКүні #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана   
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай
02
апрель
2026
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту және кітапты құрметтеуге тәрбиелеу.Тәрбие сағаты барысында мектебіміздің кітапханашысы Назам Тоқтарбекқызы кітапхана тынысымен таныстырып, балаларға арналған кітаптардың түрлерін ұсынды. Оқушылар  сүйікті ертегілерімен бөлісіп, кейіпкерлерді еске алды. Сонымен қатар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме өрбіді. Оқушыларымыз кітап оқуға деген құштарлығын көрсете білді.Сынып жетекшісі :
8 «Ә» сынып оқушылары кітапханада
20
февраль
2026
8 «Ә» сынып оқушылары кітапханада
  2026 жылдың 18 ақпан күні сағат 11:00-де Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастыруымен Ғалым-абайтанушы Қайым Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты тарихи дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға 8 «Ә» сынып оқушылары қатысып, қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты тағылымды мәліметтер алды. Іс-шара барысында оқушылар ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның абайтану ғылымына қосқан үлесі туралы кеңінен мағлұмат
«Халықаралық кітап сыйлау» күні
16
февраль
2026
«Халықаралық кітап сыйлау» күні
«Халықаралық кітап сыйлау» күніне байланысты 8 «А» сынып оқушылары Жеңісова Назерке мен Жайсанбаева Аружан, Кокежанова Жасмин белсенділік танытып, кітапханаға кітап сыйға тартты ✅ #БалаларКітапханасы_Абай_облысы #АдалАзамат #КітапСыйла  #ХалықаралықКітапСыйлауКүні
«Халықаралық кітап сыйлау» күніне байланысты 6«В” сынып оқушылары
16
февраль
2026
«Халықаралық кітап сыйлау» күніне байланысты 6«В” сынып оқушылары
«Халықаралық кітап сыйлау» күніне байланысты 6«В” сынып оқушылары Дюсенғазы Тұмар, Зарипова Асылы, Маратқазы Інжу белсенділік танытып, кітапханаға кітап сыйға тартты ✅ #БалаларКітапханасы_Абай_облысы #АдалАзамат #КітапСыйла  #ХалықаралықКітапСыйлауКүні
«Халықаралық кітап сыйлау» күні
13
февраль
2026
«Халықаралық кітап сыйлау» күні
«Халықаралық кітап сыйлау» күніне байланысты 8 «В” сынып оқушылары Асылжанова Айсулу, Ринат Жанель, Серікқазы Іңкәр белсенділік танытып, кітапханаға кітап сыйға тартты ✅ #БалаларКітапханасы_Абай_облысы #АдалАзамат #КітапСыйла  #ХалықаралықКітапСыйлауКүні