Мектеп формасын сақтайық

Мектепте білім алушылар арасында тәртіп пен біркелкілікті қалыптастыру, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектеп формасын сақтайық» тақырыбында түсіндіру жұмыстары қайта жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасын киюдің маңызы, оның мектеп мәдениеті мен тәртібіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Мектеп формасы оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулитыны, сондай-ақ оқушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.
Сынып жетекшілері оқушыларға бекітілген мектеп формасының талаптарын қайта таныстырып, күнделікті сабақ барысында форманы дұрыс әрі ұқыпты кию қажеттігін ескертті. Сонымен қатар сыртқы келбет пен мектеп ережелерін сақтау – әрбір оқушының міндеті екені түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушылар өз ойларын білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Бұл жұмыс оқушылардың мектеп ережелеріне деген жауапкершілігін арттырып, тәртіп сақтауға оң әсерін тигізді.
Мектеп формасын сақтау – ортақ мәдениет пен ұйымшылдықтың белгісі. Барша оқушыларды мектеп ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.


