08
январь
2026
"Бала болашағы - бірлескен жауапкершілік "11 "Ә" сынып жиналыс
"Бала болашағы - бірлескен жауапкершілік " тақырыбында 11 "Ә" сынып оқушыларының ата-аналарымен, пән мұғалімдерімен және түлектердің қатысуымен ата-аналар жиналысы болып өтті. Мақсаты: 11-сынып оқушыларының маңызды кезеңдеріне (қорытынды аттестаттау, ҰБТ) дайындық барысын талқылау, үштік одақ арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту, оқушының тұлғалық дамуына қолдау көрсету. Келесі күн тәртібіндегі мәселе бойынша, мектеп психологы оқушыларға мотивация беру жолдарын айтып, ата-анаға психологиялық кеңес берді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы, жасөспірімдерді теріс қылықтардан сақтандыру жолдарын айтты. Сынып жетекші Оспанова Л.Т


