"ЖАС ЖҰЛДЫЗ" ЛАГЕРІ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас жұлдыз» лагерінің  қалалық биологиялық орталыққа саяхат
09
июнь
2026
Жас жұлдыз» лагерінің қалалық биологиялық орталыққа саяхат
Жас жұлдыз» лагерінің қатысушылары жоспар бойынша қалалық биологиялық орталыққа барып қайтты. Мақсаты: балалардың табиғатқа қызығушылығын арттыру және экологиялық тәрбие беру.Балалар түрлі  жануарлармен танысып, табиғатты қорғаудың маңызын үйренді. Керемет әрі пайдалы экскурсия болды!
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагері ұлттық ойындар сайысы
05
июнь
2026
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагері ұлттық ойындар сайысы
Жазғы мектеп жанындағы «Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес лагерь қатысушылары арасында ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың тәрбиелік және танымдық маңызын түсіндіру. 2. Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, күш-жігерін және төзімділігін дамыту. 3. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру. 4. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа,
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес ”Қуаныш керуені”күні
02
июнь
2026
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес ”Қуаныш
Жазғы мектеп жанындағы «Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес ”Қуаныш керуені”күні  өтті. Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, бір-бірімен еркін араласуына жағдай жасау, ойлау қабілетін, шапшаңдығын, тапқырлығын және шығармашылық әлеуетін дамыту. «Қуаныш керуені» күні балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен бірлікті нығайтты. 🌞🎈 Жауапты лагерь жетекшілері : Кагазбаева К.Р Иманғалиева М.М және машыккерлер
Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады!
01
июнь
2026
Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады!
№16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББ мектебінде жазғы мектеп жанындағы “ Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады! ☀️ Бүгін балалар үшін қуанышқа, шаттыққа және жаңа әсерлерге толы жазғы лагерьдің алғашқы күні бастау алды. Ашылу салтанатында балалар көтеріңкі көңіл-күймен бас қосып, қызықты ойындар мен көңілді шараларға қатысты. Алда оларды жаңа достар, қызықты кездесулер, шығармашылық жұмыстар мен ұмытылмас естеліктер күтіп тұр. Әр күндері қуанышқа, күлкіге және жарқын сәттерге толы болсын! 🌈
🌷 КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ: ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ! 🌷
24
март
2026
🌷 КӨКТЕМГІ КАНИКУЛ: ПАЙДАЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ! 🌷
Қымбатты оқушы! Сені ұзақ күткен көктемгі демалысыңмен құттықтаймыз! Уақытыңды қызықты өткізу үшін мына кеңестерге құлақ ас: 1. Күн тәртібін сақта ⏰ Демалыс болса да, ұйқы режимін қатты бұзба. Ерте жатып, ерте тұру — сергектіктің кепілі. Күніңді жоспарла: кітап оқуға, ойынға және үй шаруасына арнайы уақыт бөл. 2. Таза ауа — тән саулығы 🌳 Күніне кем дегенде 1-2 сағат далада серуенде. Көктемгі күн шуағынан D витаминін ал. Белсенді қозғалыста бол: волейбол, футбол ойна немесе жай ғана таза ауада
Оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану
05
январь
2026
Оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану
Оқушылардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану – олардың дамуы мен денсаулығы үшін өте маңызды. Ең алдымен, күн тәртібін сақтап, ұйқы мен демалыс уақытын дұрыс ұйымдастырған жөн. Күн сайын кітап оқуға уақыт бөліп, білімді толықтыру пайдалы әдет қалыптастырады. Қысқы демалыста таза ауада серуендеп, спорттық ойындармен айналысу денсаулықты нығайтады. Сонымен қатар, жаңа хобби үйреніп, шығармашылықпен айналысу (сурет салу, қолөнер) баланың қабілетін дамытады. Уақытты тиімді пайдалану үшін
Көктемгі каникул жоспары
24
март
2025
Көктемгі каникул жоспары
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары үшін көктемгі каникулды қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары құрылды. Демалыс күндері оқушылардың шығармашылық, спорттық және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылады. "Кітап – білім бұлағы" атты кітапхана сағаты оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Сонымен қатар, спорттық жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап, оқушылардың дене
Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім
24
март
2023
Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім
№16 Төлеубай  Аманов атындағы  жалпы орта білім беретін мектептің  3 А сынып Бақытұлы Мансұр “Жас жұлдыз” лагері “ Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім”
Мен оқыдым, сенде оқы...
05
январь
2023
Мен оқыдым, сенде оқы...
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін - тәрбие құралы.  Қысқы демалыс кезінде оқушыларды әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тарту, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыландыру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16 Вперед