Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Жас жұлдыз» лагерінің  қалалық биологиялық орталыққа саяхат
09
июнь
2026
Жас жұлдыз» лагерінің қалалық биологиялық орталыққа саяхат
Жас жұлдыз» лагерінің қатысушылары жоспар бойынша қалалық биологиялық орталыққа барып қайтты. Мақсаты: балалардың табиғатқа қызығушылығын арттыру және экологиялық тәрбие беру.Балалар түрлі  жануарлармен танысып, табиғатты қорғаудың маңызын үйренді. Керемет әрі пайдалы экскурсия болды!
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагері ұлттық ойындар сайысы
05
июнь
2026
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагері ұлттық ойындар сайысы
Жазғы мектеп жанындағы «Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес лагерь қатысушылары арасында ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың тәрбиелік және танымдық маңызын түсіндіру. 2. Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, күш-жігерін және төзімділігін дамыту. 3. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру. 4. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа,
9-сынып оқушыларының таңдау пәні бойынша қорытынды емтиханы өз жұмысы
03
июнь
2026
9-сынып оқушыларының таңдау пәні бойынша қорытынды емтиханы өз жұмысы
Бүгін 9-сынып оқушыларының таңдау пәні бойынша қорытынды емтиханы өз жұмысын бастады. Емтихан оқушылардың алған білімдерін саралап, таңдаған бағыты бойынша дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық білім алушыларға сәттілік, сенімділік және жоғары нәтиже тілейміз! Еңбектеріңіз ақталып, білімдеріңіз өз жемісін берсін.
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес ”Қуаныш керуені”күні
02
июнь
2026
«Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес ”Қуаныш
Жазғы мектеп жанындағы «Жас жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жоспарына сәйкес ”Қуаныш керуені”күні  өтті. Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, бір-бірімен еркін араласуына жағдай жасау, ойлау қабілетін, шапшаңдығын, тапқырлығын және шығармашылық әлеуетін дамыту. «Қуаныш керуені» күні балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен бірлікті нығайтты. 🌞🎈 Жауапты лагерь жетекшілері : Кагазбаева К.Р Иманғалиева М.М және машыккерлер
1-сынып оқушылары Қазақстан тарихы  пәнінен қорытынды аттестаттау (ауызша) жұмысы
02
июнь
2026
1-сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттау
02 маусым күні мектебімізде 11-сынып оқушылары Қазақстан тарихы  пәнінен қорытынды аттестаттау (ауызша) жұмысын бастады. Оқушыларға сәттілік!
Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады!
01
июнь
2026
Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады!
№16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББ мектебінде жазғы мектеп жанындағы “ Жас жұлдыз” лагері– 2026 өз жұмысын бастады! ☀️ Бүгін балалар үшін қуанышқа, шаттыққа және жаңа әсерлерге толы жазғы лагерьдің алғашқы күні бастау алды. Ашылу салтанатында балалар көтеріңкі көңіл-күймен бас қосып, қызықты ойындар мен көңілді шараларға қатысты. Алда оларды жаңа достар, қызықты кездесулер, шығармашылық жұмыстар мен ұмытылмас естеліктер күтіп тұр. Әр күндері қуанышқа, күлкіге және жарқын сәттерге толы болсын! 🌈
«Аттандық бала шақтан – болашаққа» атты тәрбие сағаты
22
май
2026
«Аттандық бала шақтан – болашаққа» атты тәрбие сағаты
4 «Б» сыныбында «Аттандық бала шақтан – болашаққа» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылап, болашаққа деген сенімін арттыру, достыққа, ұйымшылдыққа, ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, тақпақтар оқыды. Мектептегі қызықты сәттер еске алынып, жылы лебіздер айтылды. Шара әсерлі көңіл күйде өтіп, оқушыларға көтеріңкі рух сыйлады. Сынып жетекшісі: Байжулданова Г.Б.
Республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының  8 “А” сынып Бекжан К ІІІ орын
17
май
2026
Республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының 8 “А” сынып Бекжан
2026 жылдың 13–15 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өткен республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының “Заманның заңғар тұлғасы” буктрейлер номинациясы бойынша мектебіміздің 8 “А” сынып оқушысы Бекжан Кәусар жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О. Темірғалиева.Кәусар мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! 🌷 Бұл – ізденіс пен еңбектің, шығармашылық пен таланттың жемісі. Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын!
«Азаматтық қорғаныс аясында»жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу
14
май
2026
«Азаматтық қорғаныс аясында»жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға
Мектебімізде «Азаматтық қорғаныс аясында» ТЖ жоспарына сәйкес жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне сейсмикалық қауіпсіздік шаралары, эвакуациялау тәртібі түсіндіріліп, дабыл белгісі бойынша қауіпсіз аймаққа шығу жұмыстары ұйымдастырылды. 1-қабаттағы оқушылар алғашқы дабыл белгісімен эвакуацияланса, 2-3 қабаттағы оқушылар қауіпсіз орындарға жасырынды. Екінші дабыл белгісінен кейін барлық оқушылар мен
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі" облыстық байқауының қалалық кезеңі
08
май
2026
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі" облыстық байқауының қалалық кезеңі
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі" облыстық байқауының қалалық кезеңінде бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Шұғыла Қабиденқызы жүлделі ІІ орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаңалықтар топтамасы