Жас мамандардың кәсіби дамуы: сабақ барысында ЖИ тиімді қолдану » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандардың кәсіби дамуы: сабақ барысында ЖИ тиімді қолдану
05
январь
2026

Жас мамандардың кәсіби дамуы: сабақ барысында ЖИ тиімді қолдану

Мектебімізде қазіргі білім беру жүйесінде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді пайдалану – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай, жас маманға сабақ барысында жасанды интеллектіні қолданудың артықшылықтары мен оны тиімді пайдалану жолдары туралы әдістемелік ақпарат берілді.

Іс-шара барысында жетекші мұғалім жасанды интеллектінің оқу үдерісіндегі рөліне тоқталып, оны сабақтың әр кезеңінде қолдану мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, ЖИ құралдарын сабақ жоспарын құрастыруда, оқушыларға арналған тапсырмаларды саралауда, кері байланыс беруде және уақытты тиімді ұйымдастыруда пайдалану жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, жетекші мұғалім өз тәжірибесімен бөлісіп, жас маманға нақты практикалық мысалдар арқылы жасанды интеллектіні қолдану тәсілдерін таныстырды. Тәжірибе алмасу барысында жас маман жаңа цифрлық құралдардың сабақ сапасын арттыруға, оқушылардың қызығушылығын оятуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.Аталған әдістемелік қолдау жас маманның кәсіби құзыреттілігін арттырып, заманауи педагогикалық технологияларды еркін меңгеруіне ықпал етті. Мұндай тәжірибе алмасу жұмыстары болашақта сапалы білім беруге және жаңашыл ұстаздар қалыптастыруға негіз болады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив