Әлеуметтік жобалар » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында тағылымы мол іс-шара
14
октябрь
2026
Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында тағылымы мол
"Даналық мектебі" клуб аясында ата-әжелердің қатысуымен «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында тағылымы мол іс-шара өтті.  Іс-шараның мақсаты – ағайын-туыс арасындағы сыйластықты, татулық пен бірлікті насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу. Ата-әжелеріміздің өнегелі әңгімелері мен ақыл-кеңестері арқылы балалар туыстық байланыстың қадірін түсініп, үлкенді құрметтеудің, кішіге ізет көрсетудің маңызын ұғынды. Туыстықты сақтау – татулықтың бастауы, ұрпақтар сабақтастығы –
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
12
октябрь
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде 5–11-сынып оқушыларының қатысуымен тазалық челленджі ұйымдастырылуда. Челленджді алғашқы болып 7-сынып оқушылары бастап, тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Эстафетаны 8-сынып оқушыларына жолдай отырып, оларды табиғатты аялауға, мектеп аумағының тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырады.Челлендж ұраны: «Тазалықты өзіңнен баста! Табиғатты бірге қорғайық!» 
“Біз Отан қорғаушылармыз”атты тәрбие сағаты
06
май
2026
“Біз Отан қорғаушылармыз”атты тәрбие сағаты
0  «Б» сыныбында   7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай “Біз Отан қорғаушылармыз”атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балаларға Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беру.Патриоттық сезімге,ерлікке батылдыққа,жауапкершілікке деген құрметін қалыптастыру. Отанды қорғаудың маңызын ұғындыру.Сынып жетешісі:Калдиева Н.О
“Біз Отанның болашағымыз ” атты тәрбие сағаты
05
май
2026
“Біз Отанның болашағымыз ” атты тәрбие сағаты
3”А“ сыныбында 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай “Біз Отанның болашағымыз ” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Қ.Р қарулы күштері туралы білімдерін кеңейту.Ел қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу.Оқушыларды елін,жерін  құрметтеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Құдайбергенова Ж.М
Сиқырлы шаршылар елінде»  тақырыбында шахмат сайысы
05
май
2026
Сиқырлы шаршылар елінде» тақырыбында шахмат сайысы
Бүгін мектебімізде 2-4-сынып оқушылары арасында нағыз ақыл-ой додасы «Сиқырлы шаршылар елінде»  тақырыбында шахмат сайысы  өтті. Жас шахматшыларымыз шаршы алаңда өз шеберліктерін ортаға салды. Сайыс мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдап, шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру. САЙЫС НӘТИЖЕСІ: I-орын Куандык Даниял (3 «А» сынып) Жетекшісі: Құдайбергенова Ж. М. II-орын Дюсембек Алихан (2 «Б» сынып) Жетекшісі: Турысбекова Ш. К. III-орын Талгатов Нурхан (2 «Б» сынып) Жетекшісі:
"Жігіт сұлтаны-2026" атты сайыс
05
май
2026
"Жігіт сұлтаны-2026" атты сайыс
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай  3 "В" сыныбында  "Жігіт сұлтаны-2026" атты сайыс өтті. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жас жігіттердің бойында батылдық, ептілік, білімділік, өнерлілік және адамгершілік қасиеттерін дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтейтін, елін сүйетін, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеу.Сынып жетекшісі: Дулатова Ж.Д
“Біз болашақ ұландармыз” атты тәрбие сағаты
04
май
2026
“Біз болашақ ұландармыз” атты тәрбие сағаты
1”В“ сыныбында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай “Біз болашақ ұландармыз” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларға Отанды сүю, елін қорғау, ерлік пен батылдық қасиеттерін түсіндіру арқылы олардың патриоттық сезімін қалыптастыру. Сынып жетешісі:Кагазбаева К.Р
«Дос болайық бәріміз» тақырыбында тәрбие сағаты
29
апрель
2026
«Дос болайық бәріміз» тақырыбында тәрбие сағаты
0 «А» мектепалды  сыныбында 1 мамыр бірлік күніне арналған «Дос болайық бәріміз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балаларға достық, бірлік, татулық ұғымдарын түсіндіру. Әртүрлі ұлт өкілдеріне  құметпен қарауға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Н. Ж. Каленова
"Экомәдениет: немерелерге табиғатты аялауды қалай үйретеміз?"  клуб мүшелері
28
апрель
2026
"Экомәдениет: немерелерге табиғатты аялауды қалай үйретеміз?" клуб
4 "Б" сынып оқушылары "Экомәдениет: немерелерге табиғатты аялауды қалай үйретеміз?" тақырыбында клуб мүшелері – қадірлі аталармен тағылымды жүздесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, үлкендердің өнегесі арқылы экологиялық тәрбие беру. Аталардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері оқушыларға табиғатты сүюдің, оны қорғаудың маңызын терең түсінуге жол ашты 🌱Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбие негізі. Табиғатты аялау – болашаққа аманат! 💚
«Таза аула - таза ауа» челленджі
21
апрель
2026
«Таза аула - таза ауа» челленджі
«Таза аула - таза ауа» челленджіне 8 А, 8 Ә, 8 Б сыныптары белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Челленджді 8 В, 9 А, 9Ә сыныптарына жолдаймыз
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14 Вперед