МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
08
январь
2026

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Жалпы ережелер

  • Мектеп Парламенті – сайланбалы оқушылық өзін-өзі басқару органы.

  • Парламент қызметі оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған.

  • Парламент мектеп Жарғысына және осы Ережеге сәйкес педагогикалық кеңеспен, мектеп әкімшілігімен, Қамқоршылық кеңесімен бірлесе жұмыс жасайды.


2. Мақсаты мен міндеттері

2.1 Мақсаты

Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту, әлеуметтік маңызды қызметке тарту және басқару дағдыларын қалыптастыру.

2.2 Міндеттері

  • оқушылар қауымдастығы өмірін реттейтін ұсыныстар әзірлеу;

  • көшбасшыларды анықтау және дамыту;

  • оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру;

  • мектеп өміріне азаматтық қоғам элементтерін енгізу;

  • оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің қанағаттанушылық деңгейін арттыру.


3. Парламентті қалыптастыру

  • Парламент 7–11 сынып оқушылары арасынан сайланады.

  • Сайлау мерзімі – 1 жыл.

  • Қажет жағдайда депутат кері шақырылып, қайта сайлау өткізіледі.


4. Парламент құрамы

Парламент құрамына:

  • Президент

  • Министрлер (ақпарат, спорт, мәдениет, дебат, экология, құқық және тәртіп, волонтерлік, психология т.б.)

Президент Парламент шешімімен 1 жылға сайланады.


5. Құқықтары мен міндеттері

Парламенттің құқықтары

  • мектеп өміріне қатысты ұсыныстар енгізу;

  • оқушылар мүддесін қорғау;

  • мектеп жоспарын әзірлеуге қатысу;

  • іс-шаралар ұйымдастыру.

Парламенттің міндеттері

  • демократиялық орта қалыптастыру;

  • сыныптармен байланыс орнату;

  • оқушылардың құқықтарын қорғау;

  • қоғамдық белсенділікті дамыту.


6. Жұмыс тәртібі

  • Жиналыс айына 2 рет өткізіледі.

  • Жиналысты Президент басқарады.

  • Әр министрлік өз бағыты бойынша жұмыс жүргізеді.


7. Министрліктер қызметі

Қысқаша:

  • Ақпарат министрлігі – жаңалықтар, фото-бейне.

  • Спорт министрлігі – жарыстар ұйымдастыру.

  • Мәдениет министрлігі – концерт, байқау.

  • Волонтерлік министрлік – қайырымдылық акциялары.

  • Құқық министрлігі – тәртіп, рейдтер.

  • Экология министрлігі – сенбілік, экожоба.


8. Қорытынды ережелер

Осы Ережеге өзгерістер педагогикалық кеңес шешімімен енгізіледі.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив