Ақпарат » Страница 25 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
6 сыныптар арасында “Жусан иісі” повесі бойынша кітапханалық сабақ
21
январь
2026
6 сыныптар арасында “Жусан иісі” повесі бойынша кітапханалық сабақ
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай 6 сыныптар арасында “Жусан иісі” повесі бойынша кітапханалық сабақ өткізілді.Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке,бауырмалдыққа,Аян бейнесі арқылы ұқыптылыққа,әдебиетке құштарлыққа,қайсарлыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат
21
январь
2026
8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат
2026 ж. 21 қаңтар күні 8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алды. Мұражай қызметкерлері Ф.М. Достоевскийдің кәсібі, оның орыс әдебиетіндегі орны, сондай-ақ әлемдік әдебиетке қосқан үлесі жайында жан-жақты таныстырды. Сынып жетекші: Райымбекова Э.М.
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс»
21
январь
2026
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясында «Көңілді үзіліс» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараны Шәкәрім университетінің 4-курс, ИР-201 тобының студенттері мен информатика пәні мұғалімдері бірлесе өткізді.  Іс-шара барысында «Кім жылдам?» атты танымдық әрі көңілді ойын ойнатылды. Сонымен қатар информатика пәні мұғалімі Айтбек Маратұлы оқушылар
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
20
январь
2026
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат
2026 жылдың 20 қаңтарында, 9 «А» сынып оқушылары Семей төріндегі қасиетті мекен — Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне танымдық саяхат жасады.Оқушылар әлемдік әдебиеттің алыбы, ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына терең бойлап, оның Ш. Уәлихановпен болған достығы жайында құнды деректермен танысты. Бұл сапар жасөспірімдердің әдебиетке деген құштарлығын оятып, ерекше рухани әсер сыйлады. Сынып жетекшісі: А.А. Бектурсынова
«Көңілді үзіліс»
20
январь
2026
«Көңілді үзіліс»
 Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте Шәкәрім университетінің 3 курс, М1-301 тобының студенттері ұйымдастырған танымдық әрі көңілді ойын өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және оқу үдерісін қызықты форматта ұйымдастыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, шапшаңдық пен тапқырлықтарын көрсете білді 🎈
"Заң сенен басталады" тақырыбындағы челендж
20
январь
2026
"Заң сенен басталады" тақырыбындағы челендж
[media=https://youtube.com/shorts/FG-kZ8wqqlw?feature=share]  Абай облысы Семей қаласының №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10"А" сынып оқушылары "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес қаңтар-"Заң және тәртіп" айы аясында "Заңның 30 секунды", "Заң сенен басталады" тақырыбындағы челенджге өз үлестерін қосты. Мақсаты: оқушыларға өз міндет,құқықтарын кеңінен таныстыру. Әр азаматтың өз құқығын сақтай білуге тәрбиелеу.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
январь
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
7-8 сынып оқушыларына арналған "Абай и Пушкин о любви и жизни: поэзия объединяющая народа" атты облыстық мәнерлеп оқу байқауында  Мырзакаримова Жадыра (жетекшісі - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.А.Мустапанова) жүлделі ІІІ орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Математика, физика және информатика пән бірлестігінің  онкүндіктің ашылуы
19
январь
2026
Математика, физика және информатика пән бірлестігінің онкүндіктің
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте математика, физика және информатика пән бірлестігінің «STEM бағыты аясында білім алушылардың командалық жұмысын, көшбасшылығын және IT құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы пәндік онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Онкүндіктің негізгі мақсаты – білім алушылардың STEM бағытындағы білімдерін тереңдету, пәндер арасындағы байланыстарды көрсету, командалық жұмысқа баулу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және ақпараттық технологияларды
5- 6 сынып арасында «Таза өлке таза өзен» сурет көрмесі
19
январь
2026
5- 6 сынып арасында «Таза өлке таза өзен» сурет көрмесі
Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күніне орай "Табиғаттың алтын қоры-адамзат аманаты"фестиваліне орай 5- 6 сынып арасында «Жасыл мектеп», «Жер ана - ортақ үйіміз»,«Таза өлке таза өзен» сурет көрмесі өтті Мақсаты:  Оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, мектеп аумағын таза ұстауға, табиғатты қорғауға және жасыл желекті күтіп-баптауға деген жауапкершілікті арттыру #GEN17, #EurasianBank , #РУМЦДО, #ЕркіндікРухы, #ЭкоДипломатия, #ЖастарБолашақҮшін.
4 «Г» сынып оқушылары «Менің экобақшам» тәрбие сағаты
19
январь
2026
4 «Г» сынып оқушылары «Менің экобақшам» тәрбие сағаты
4 «Г» сынып оқушылары арасында, «Табиғаттың алтын қоры - адамзат аманаты» фестивалі бойынша «Менің экобақшам» тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты:🍃Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.🌱Қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, экобақша ұғымы туралы білімдерін кеңейту.🌿Өсімдіктерді күту, баптау арқылы еңбекке баулу және табиғатпен үйлесімді өмір сүру дағдыларын дамыту.