21
январь
2026
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс»
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясында «Көңілді үзіліс» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараны Шәкәрім университетінің 4-курс, ИР-201 тобының студенттері мен информатика пәні мұғалімдері бірлесе өткізді. Іс-шара барысында «Кім жылдам?» атты танымдық әрі көңілді ойын ойнатылды. Сонымен қатар информатика пәні мұғалімі Айтбек Маратұлы оқушылар арасында PlayStation ойынын ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін шоғырландыру және сабақ үдерісін ойын түрінде қызықты ұйымдастыру болды.Ойын барысында парталардың үстіне қойылған стақан мен шардың көмегімен оны қарсы партаға жеткізу тапсырмасы берілді. Оқушылар бұл тапсырманы жарыс түрінде орындап, белсенділік танытты.
Іс-шара кезінде олар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсете білді. Мұндай ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырып, жағымды көңіл-күй сыйлады.


