Математика, физика және информатика пән бірлестігінің онкүндіктің ашылуы
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте математика, физика және информатика пән бірлестігінің «STEM бағыты аясында білім алушылардың командалық жұмысын, көшбасшылығын және IT құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы пәндік онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Онкүндіктің негізгі мақсаты – білім алушылардың STEM бағытындағы білімдерін тереңдету, пәндер арасындағы байланыстарды көрсету, командалық жұмысқа баулу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және ақпараттық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру.
Ашылу барысында оқушыларға онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылып, математика, физика және информатика пәндерінің қазіргі замандағы маңызы, олардың ғылым мен технологияның дамуындағы рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар STEM бағытындағы жобалар, тәжірибелік жұмыстар, сайыстар мен интерактивті сабақтардың оқушылардың қызығушылығын арттырудағы тиімділігі атап өтілді.
Пәндік онкүндік аясында түрлі интеллектуалдық сайыстар, ашық сабақтар, зертханалық жұмыстар, жобаларды қорғау және IT бағытындағы шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Аталған іс-шаралар білім алушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырып, өз білімдерін тәжірибеде қолдануға, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге және заманауи цифрлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


