21
январь
2026
8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат
2026 ж. 21 қаңтар күні 8 «Ә» сыныбы Достоевский атындағы мұражайға саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алды. Мұражай қызметкерлері Ф.М. Достоевскийдің кәсібі, оның орыс әдебиетіндегі орны, сондай-ақ әлемдік әдебиетке қосқан үлесі жайында жан-жақты таныстырды.
Оқушылар жазушының атақты туындылары, олардың тақырыптары мен маңызы туралы қызықты деректермен танысты. Мұражайдағы экспонаттар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, әсіресе жазушының жеке заттары мен қолжазбалары үлкен әсер қалдырды.
Мұражай қызметкерлеріне саяхатты жоғары деңгейде, кәсіби тұрғыда ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Оқушылар бұл танымдық саяхаттан мол білім алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Сынып жетекші: Райымбекова Э.М.


