Материалы за 08.01.2026 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
9–11-сынып Оқушыларына арналған ЖББ пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
08
январь
2026
9–11-сынып Оқушыларына арналған ЖББ пәндер бойынша республикалық
2026 жылғы 06–08 қаңтар аралығында өткен 9–11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 🏆 ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМІЗ: 🥈 ІІ орын 🔹 Советқазы Кәусар – 11 «А» сынып 🔹 Пәні: Ағылшын тілі 🔹 Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Венера Аскаткызы 🥉 ІІІ орын 🔹 Ержанқызы Нағима – 10 «Ә» сынып 🔹 Пәні: География 🔹 Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ожанова Құралай Болатқызы ✨
Мектеп формасын сақтайық
08
январь
2026
Мектеп формасын сақтайық
Мектепте білім алушылар арасында тәртіп пен біркелкілікті қалыптастыру, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Мектеп формасын сақтайық» тақырыбында түсіндіру жұмыстары қайта жүргізілді.Іс-шара барысында оқушыларға мектеп формасын киюдің маңызы, оның мектеп мәдениеті мен тәртібіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді. Мектеп формасы оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулитыны, сондай-ақ оқушылар арасындағы әлеуметтік теңдікті сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.
"Мен және Заң" құқықтық дәрістері
08
январь
2026
"Мен және Заң" құқықтық дәрістері
Жастарға арналған "Мен және Заң" құқықтық дәрістері деп аталатын жауапкершілік және құқықтық мәдениет мәселелері бойынша "Заң және тәртіп" идеологиялық баяндамасы аясында 11 сынып оқушылары мен ата – аналарына кіріктірілген дөңгелек үстел өткізілді.
"Бала болашағы - бірлескен жауапкершілік "11 "Ә" сынып  жиналыс
08
январь
2026
"Бала болашағы - бірлескен жауапкершілік "11 "Ә" сынып жиналыс
"Бала болашағы - бірлескен жауапкершілік " тақырыбында 11 "Ә" сынып оқушыларының ата-аналарымен, пән мұғалімдерімен және түлектердің қатысуымен ата-аналар жиналысы болып өтті. Мақсаты: 11-сынып оқушыларының маңызды кезеңдеріне (қорытынды аттестаттау, ҰБТ) дайындық барысын талқылау, үштік одақ арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту, оқушының тұлғалық дамуына қолдау көрсету. Келесі күн тәртібіндегі мәселе бойынша, мектеп психологы оқушыларға мотивация беру жолдарын айтып, ата-анаға психологиялық
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
08
январь
2026
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Мектеп Парламенті – сайланбалы оқушылық өзін-өзі басқару органы. Парламент қызметі оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған. Парламент мектеп Жарғысына және осы Ережеге сәйкес педагогикалық кеңеспен, мектеп әкімшілігімен, Қамқоршылық кеңесімен бірлесе жұмыс жасайды.