12
ноябрь
2025
Жас маманның сабағына тәлімгерлік бақылау жүргізілді
Мектебімізде 8 «Ә» сыныбында жас маман Ақанов Әли Аманғазыұлы алгебра пәнінен «Виет теоремасы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ Виет теоремасын есеп шығаруда қолданып, тиімді тәсілдерді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар тақтамен есеп шығаруда,тест тапсырмаларын белсенді орындап, жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізді. Әдіс-тәсілдер оқу мақсаттарына сай тиімді қолданылды.
Сабаққа бақылаушы тәлімгер Нурбаева Ж.Е қатысып, жас маманның сабақты жоспарлау деңгейіне, оқушылармен қарым-қатынасына және педагогикалық шеберлігіне кәсіби талдау жасады. Сабақ мазмұны заманауи білім беру талаптарына сай ұйымдастырылып, жоспарланған оқу мақсаттарына қол жеткізілді.


