20
февраль
2026
«Бала болашағы – бірлескен жауапкершілік» тақырыбында 11 "Ә" сынып
«Бала болашағы – бірлескен жауапкершілік» тақырыбында 11 "Ә" сынып оқушылары, ата-аналары және пән мұғалімдерінің қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды жиналыс өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы мен кәсіби бағдарын бірлесе талқылау болды. Оқу ісінің орынбасары П.К.Райстанованың ұйымдастыруымен өткен жиналыстың ұтымды жері-"Блоб ағашы" әдісі болды. Үш жақты талдау арқылы, баланың дайындық барысын туралы ашық пікір айту алаңы болды.
Жиналыс барысында сол сияқты пән мұғалімдері әр оқушының үлгерімі мен дайындық деңгейіне тоқталып, алдағы емтихандарға жүйелі дайындалу жолдарын ұсынды.
Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен қолдаудың маңызын атап өтті. Әсіресе, жасөспірімдердің психологиялық жағдайына көңіл бөлу, сенімді қарым-қатынас орнату, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұл ашық диалог форматындағы кездесу тараптардың бір-бірін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Негізгі көтерілген мәселелер:
ҰБТ-ға дайындық жоспары
Кәсіби бағдар беру
Психологиялық қолдау
Мектеп пен ата-ана арасындағы тұрақты байланыс
Оқушының жеке жауапкершілігін арттыру.
Жиналыс соңында «Бала болашағы – бірлескен жауапкершілік» қағидасы негізінде нақты шешімдер қабылданып, ата-аналар мен мұғалімдер арасында өзара ынтымақтастықты күшейту туралы ортақ келісім жасалды.
Осындай бірлескен жұмыстар ғана оқушының саналы тұлға болып қалыптасуына, өмірлік жолын дұрыс таңдауына және жарқын болашағына берік негіз қалайды.