19 февраль 2026 0 1 2 3 4 5 10 «А»сыныбының ата-аналары үшін жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу 2026 жылғы 19 ақпанда 10 «А» сыныбының ата-аналары үшін жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған онлайн тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу Zoom платформасы арқылы өтті.Іс-шара барысында тәртіп сақтау, жеке жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және ата-ана тарапынан бақылаудың рөлі жөнінде мазмұнды деректі қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Көрсетілімнің негізгі мақсаты – ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін күшейту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту.Жиын соңында ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың бірлескен ортақ міндеті екенін ерекше атап өтті. Сынып жетекшісі: Арипбекова А.Ч.