Ақпарат » Страница 5 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
10 «А»сыныбының ата-аналары үшін жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
19
февраль
2026
10 «А»сыныбының ата-аналары үшін жасөспірімдер арасында
2026 жылғы 19 ақпанда 10 «А» сыныбының ата-аналары үшін жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған онлайн тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу Zoom платформасы арқылы өтті. Іс-шара барысында тәртіп сақтау, жеке жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және ата-ана тарапынан бақылаудың рөлі жөнінде мазмұнды деректі қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Көрсетілімнің негізгі мақсаты – ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін күшейту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара
«Менің арман әлемім» атты сурет байқауы
18
февраль
2026
«Менің арман әлемім» атты сурет байқауы
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 10 күндігі аясында 18 ақпан күні 2-сыныптар арасында «Менің арман әлемім» атты сурет байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты – оқушылардың қиялын ұштап, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз арманын сурет арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру.Оқушылар түрлі-түсті бояулармен өздерінің болашақтағы армандарын, бақытты әлемін, бейбіт өмірді және қиялындағы ғажайып кейіпкерлерді әсерлі түрде суреттеді. Ұйымдастырушылар: Баяхтетова Г.С, Асановп М.О
Құттықтаймыз!!!
18
февраль
2026
Құттықтаймыз!!!
Киокушинкай каратэден балалар, қыздар, жасөспірімдер және ерлер арасында "Abai Open 2026" Республикалық турнирі - 2орын алған 2 А сынып оқушысы Несіпбай Ай Сұлтан. Құттықтаймыз👏👏
Мектебімізде робототехникадан ерекше жарыс
18
февраль
2026
Мектебімізде робототехникадан ерекше жарыс
Мектебімізде робототехникадан ерекше жарыстар өтті! 2-сынып оқушылары арасында «OFFroad race» жол талғамайтын робот көліктерін құрастыру сайысы ұйымдастырылып, жас өнертапқыштар өз роботтарын жарыс жолында сынады. 🚀Ал 3-сынып оқушылары «Robo-Sumo» сайысында роботтарын шаршы алаңға шығарып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде ең үздік робот І орынды иеленді! 🏆Барлық оқушылар белсенді қатысып, жоғары қызығушылық пен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Жас робототехниктеріміздің әр жетістігі – біз
“Өшпес ерлікке мәңгі тағзым” тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
17
февраль
2026
“Өшпес ерлікке мәңгі тағзым” тақырыбында Ауған соғысының
Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Өшпес ерлікке мәңгі тағзым” тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ардагерлер Сыздықов Ғажайып Төлеусейтұлы, Жаназаров Айқын Юсупұлы және Семей қаласының  ӘПТ (әскери патриоттық тәрбие) орталығының бастығы Укубасов Бекен Мухаммедрахымұлы қатысты. Кездесу барысында 8 В “Жас сарбаз” сыныбының тәрбиеленушілері жауынгер хатын оқып, тарихтан сыр шертер ән орындап, ардагерлерге сұрақтар
«Сиқырлы шаршылар елінде»  тақырыбында шахмат сайысы
17
февраль
2026
«Сиқырлы шаршылар елінде» тақырыбында шахмат сайысы
Бүгін мектебімізде 2-4-сынып оқушылары арасында нағыз ақыл-ой додасы  «Сиқырлы шаршылар елінде»  тақырыбында шахмат сайысы  өтті. Жас шахматшыларымыз шаршы алаңда өз шеберліктерін ортаға салды. Сайыс мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдап, шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру. САЙЫС НӘТИЖЕСІ: I-орын Куандык Даниял (3 «А» сынып) Жетекшісі: Құдайбергенова Ж. М. II-орын Дюсембек Алихан  (2 «Б» сынып) Жетекшісі: Турысбекова Ш. К. III-орын Талгатов Нурхан (2 «Б» сынып)
Бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігі
16
февраль
2026
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
2026 жылдың  16-27 ақпан аралығында өткізілетін  «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үрдісінде  қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер»  атты бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігінің онкүндігі басталды. Мақсаты:Бастауыш білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін зерделеп, педагогтердің озық тәжірибелерін тарату.
"9 «А» сыныбында «Қауіпсіз қоғам: құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік»
16
февраль
2026
"9 «А» сыныбында «Қауіпсіз қоғам: құқықтық тәртіп және әлеуметтік
"9 «А» сыныбында «Қауіпсіз қоғам: құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты — оқушыларға «қауіпсіз қоғам», «құқықтық тәртіп» және «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының мәнін терең түсіндіру, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге баулу, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету. Тәрбие сағаты барысында тақырыпқа сай қысқаметражды бейнефильмдер көрсетіліп, оқушылар құқық бұзушылықтың себеп-салдарын талдады және кез келген жағдайда
8-9 сыныптармен әскери - қолданбалы  спорт түрлерінен жарыс
16
февраль
2026
8-9 сыныптармен әскери - қолданбалы спорт түрлерінен жарыс
Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуын орай әскери - патриоттық клубтар арасында, 8-9 сыныптармен әскери - қолданбалы  спорт түрлерінен жарыс өтті. Оқушылар уақытқа Ак-74 автоматын шашып-жинау,оқжатар жинаудан бақтарын сынады.  Женімпаздарымызды құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻Әскери жетекшісі: запастағы майор Чурчитбаев Е.М.