17
февраль
2026
“Өшпес ерлікке мәңгі тағзым” тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Өшпес ерлікке мәңгі тағзым” тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ардагерлер Сыздықов Ғажайып Төлеусейтұлы, Жаназаров Айқын Юсупұлы және Семей қаласының ӘПТ (әскери патриоттық тәрбие) орталығының бастығы Укубасов Бекен Мухаммедрахымұлы қатысты. Кездесу барысында 8 В “Жас сарбаз” сыныбының тәрбиеленушілері жауынгер хатын оқып, тарихтан сыр шертер ән орындап, ардагерлерге сұрақтар қойды.
Тағылымы терең кездесу келген қонақтар мен оқушылардың жүрегіне еліне деген махаббатты одан сайын күшейтті.


