28
сентябрь
2026
9–11 сынып оқушылары арасында буктрейлер байқауы
2026 жылдың 28 қыркүйегінде Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте Тілдер айлығы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында буктрейлер байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты – оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, оқу сауаттылығын және заманауи цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту. Қатысушылар әлем әдебиетінің шығармаларына арналған мазмұнды, жарқын әрі ерекше буктрейлерлерін ұсынды. Әрбір жұмыс шығармашылық көзқарасымен, материалды әсерлі жеткізуімен және көрерменнің кітапқа деген қызығушылығын оятуға ұмтылысымен ерекшеленді. Байқау шығармашылық пен шабытқа толы атмосферада өтіп, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, әдеби шығарманы талдай білу қабілетін және заманауи мультимедиалық құралдарды тиімді қолдана алатынын көрсетті.Іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бектина Л. А. және Райымбекова Э. М. ұйымдастырды.


