Brain Battle – зияткерлік сайысы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Brain Battle – зияткерлік сайысы
26
январь
2026

Brain Battle – зияткерлік сайысы

Математика, информатика, физика пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 26 қаңтар күні 8 сыныптар арасында сыныптан тыс  “Brain Battle” зияткерлік сайысы оқушылар үшін тартысты да мазмұнды форматта ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны Шәкәрім университетінің 3 курс, М1-301 тобының студенттері -  Бейсен Д., Серікқазыева Д., Ошақбаев О., Альясова Ә., Асқар М.  және математика пәні мұғалімдері бірлесе өткізді.
📌Жарыстың басты мақсаты- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыру және командалық жұмысты нығайту. Жарыс барысында қатысушылар әртүрлі деңгейдегі зияткерлік, логикалық және математикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, шапшаңдық пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін көрсете білді. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жағымды әсер мен есте қаларлық сәттер сыйлады 🎉
✅Осындай сабақтан тыс зияткерлік іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив