27
январь
2026
Математика пәнінен «Көңілді үзіліс» атты танымдық іс-шара
«Математика, информатика және физика пәндері бірлестігінің онкүндігі» аясында №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте математика пәнінен «Көңілді үзіліс» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараны Шәкәрім университетінің 3-курс, М1-301 тобының студент-практиканттары өткізді. ✨ Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру болды.Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі логикалық тапсырмалар мен зияткерлік ойындарға белсене қатысып, жылдам ойлау мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылардың белсенділігі мен жақсы көңіл күйі «Көңілді үзілістің» мазмұнды әрі әсерлі өткенін байқатты.🎉 Бұл шара оқушыларға жағымды әсер сыйлап, олардың оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыруға, мектептегі күнделікті сабақ барысын жандандыруға оң ықпал етті.


