22
апрель
2026
«My House» тақырыбында ашық сабақ
22 сәуір күні 3 «В» сыныбында жас маман Мұхаметжанова Айгерім Дәуренқызы ағылшын тілі пәнінен «My House» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдер ұтымды қолданылды.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында түрлі белсенді оқыту әдістері пайдаланылды. Мұғалім тақырыпты түсінікті әрі жүйелі түрде ашып, оқушылардың жаңа білімді жақсы меңгеруіне жағдай жасады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабақта АКТ құралдары мен көрнекіліктер тиімді қолданылды. Сонымен қатар сергіту сәті (физминутка) ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен көңіл-күйі көтерілді. Бағалау кезеңінде «Әмиян» тәсілі қолданылып, бұл әдіс оқушылардың өзін-өзі бағалауына және сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етті.
Жас маман сабақ барысында өзінің педагогикалық шеберлігін, ізденімпаздығын және оқушылармен жақсы қарым-қатынас орната білетіндігін көрсетті. Сабақ мақсатына толық жетті деп есептеймін.
Тәлімгері: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Райымбекова Э.М.