28
январь
2026
«QUIZTIME» интеллектуалды сайысы өтті
«STEM бағыты аясында білім алушылардың командалық жұмысын, көшбасшылығын және IT құзыреттіліктерін дамыту» онкүндігі аясында 10–11 сынып оқушылары арасында «QUIZTIME» атты интеллектуалды сыныптан тыс сайыс ұйымдастырылды.Сайыс барысында оқушылар білімдерін саралап, логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдық пен командалық жұмыс дағдыларын көрсете білді. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
I орын – 10 «Ә» сыныбы
II орын – 11 «А» сыныбы
III орын – 10 «А» сыныбы және құрама команда
Жеңімпаздар мен қатысушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытып, STEM бағытындағы қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.


