Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру 2025-2026 оқу жылы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру 2025-2026 оқу жылы
24
сентябрь
2025

Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру 2025-2026 оқу жылы

ЖОБАНЫҢ АТАУЫ:
«Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру: Жастардың белсенділігі мен көшбасшылық дағдыларын дамыту»
Кіріспе
Қазіргі қоғамның дамуында жас ұрпақтың рөлі айрықша маңызды. Жастардың білім мен тәрбиесі ғана емес, олардың қоғамдық белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттері де қоғамның болашағын анықтайды. Осы орайда мектеп парламенті оқушылардың өз ойларын ашық білдіріп, қоғамдық өмірде белсенділік танытуына мүмкіндік беретін тиімді алаң болып табылады. Мектеп парламентінің жұмысы арқылы жастар өзінің азаматтық жауапкершілігін сезініп, көшбасшылық дағдыларын жетілдіре алады.
«Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру: Жастардың белсенділігі мен көшбасшылық дағдыларын дамыту» жобасы оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық жұмысқа және жеке жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат етеді. Бұл жоба жастарға өз пікірін білдіруге, қоғамдық мәселелерге қызығушылық танытуға және болашақта қоғамның тиімді мүшесі болуға жол ашады.
  Жобаның басты мақсаты – мектеп парламентінің жұмысы арқылы жастардың белсенділігін арттыру, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту және қоғамдық жұмысқа деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар, жоба оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуді, өзара сыйластық пен бірлескен жұмыс дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Жастарға арналған тренингтер, семинарлар мен қоғамдық жобалар мектеп парламентінің жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Бұл процесс оқушылардың өзін-өзі тануына, болашақта қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Осы жоба аясында мектеп парламентінің құрылымы мен жұмысы жүйеленіп, оқушылардың әлеуметтік, саяси және мәдени тұрғыда белсенді болуына бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Жоба нәтижесінде мектеп оқушылары көшбасшы болуға деген ұмтылысты қалыптастырып, өз орталарында жауапкершілікті, ұйымшылдықты, креативтілікті дамыту мүмкіндігіне ие болады.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: 
Жастардың белсенділігін арттыру, көшбасшылық дағдыларын дамыту арқылы мектеп парламентінің тиімді жұмысын ұйымдастыру. Оқушыларды жауапкершілікке, өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, олардың әлеуметтік және қоғамдық істерге белсене қатысуын қамтамасыз ету.
ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1. Мектеп парламентінің құрылымын құру және оның жұмысын жүйелі ұйымдастыру;
2. Оқушылар арасында көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру;
3. Мектеп парламентінің мүшелерін өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге ынталандыру;
4. Оқушыларды қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
5. Жастардың креативті идеяларын жүзеге асыру үшін мектептің қоғамдық жобалары мен іс-шараларын жоспарлар
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ:
 12-17 жас аралығындағы жастар (мектеп оқушылары);
«Адал ұрпақ» клубы, «Еріктілер» тобы, «Жас сарбаздар» сыныбы, «Жас құтқарушылар» сыныбы, «Инабат» қыздар ұйымы;
Қоғамдық ұйымдар мен жастармен жұмыс істейтін мамандар;
ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК:
  • «Балалармен жастардың шығармашылық сарайы» 
  • Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы
  • Халықаралық ұйымдар мен жобалар.
  • Әлеуметтік желілер мен медиа.
  • Қоғамдық ұйымдар мен қорлар.
МЕРЗІМІ: 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылы: Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге жобаның мақсаттары мен жоспарын таныстыру. Президент, вице-президенттер, хатшылар және комитет мүшелерінің міндеттерін нақтылап, барлық оқушыларға жариялау. Жоба бойынша ақпарат тарату (плакаттар, мектеп сайтында жариялау, әлеуметтік желілер арқылы). Мектеп парламентінің мүшелігіне кандидаттарды қабылдау, өтініштер қабылдау.
2024-2025 оқу жылы: Белсенділер отырысы;
Мектеп оқушылары мен мұғалімдерге таныстыру;
Тыңдаушылардың пікірін жинақтау және талдау. 
Жобаның  тиімділігін зерттеу;
Оқушылар мен мұғалімдердің кері байланысын талдау;
Жоба  форматын әрі қарай жетілдіру
2025-2026 оқу жылы: Әлеуметтік медиа маркетинг: Instagram, Facebook, TikTok платформаларында посттар шығару;
Жоба туралы кеңірек аудиторияға жеткізу үшін белсенді әлеуметтік медиа қолданушыларымен серіктестік орнату ;
Жобаның әр шығарылымы бойынша пікірталас немесе сұрақ-жауап сессияларын өткізу.
 Жобаның бағыттары:
1. Мектеп парламентінің құрылымы мен жұмыс жүйесі;
2.  Көшбасшылық дағдыларын дамыту: Тренингтер мен семинарлар;
 3. Жастардың белсенділігін арттыру: Әлеуметтік жобалар мен шаралар;
4. Жобаның қорытындысы: Мектеп парламентінің нәтижелері мен болашақтағы жоспарлар
ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Қазіргі кезеңде жастардың әлеуметтік белсенділігі мен көшбасшылық дағдыларының маңызы өте зор. Жасөспірімдер өздерінің жеке пікірлері мен көзқарастарын еркін білдіріп, қоғамдағы мәселелерге белсене қатыса білуі керек. Мектеп парламентінің жұмысы осыған жағдай жасап, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, әлеуметтік жауапкершіліктерін және демократиялық принциптерді түсінуін дамытуға ықпал етеді.
«ПОДКАСТ» ЖОБАСЫ
«Ақпарат және баспа фракциясы» негізінде «Ұстаз time», «Подкаст арқылы тәрбие беру: Жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар», «Өнегелі 15 минут», «Атаның өсиеті» сынды подкаст жобасы іске асырылуда. 
МАҚСАТЫ: 
- Подкаст арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру;
- Сандық технологияларды пайдалана отырып, тәрбие беру әдістерін жаңарту;
- Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заманауи құралдарын ұсыну.
- Подкаст технологиясының мүмкіндіктерін пайдаланып, жастарға тәрбие беру саласында жаңа әдістер мен тәсілдерді көрсету.
Бұл жобаға ата-ана, ұстаз, оқушы және қонақтар қатыса алады.
  1. Мектеп парламентінің құрылымы мен жұмыс жүйесі:
Мақсаты:  Мектеп парламентінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оның құрылымы мен жұмыс жүйесін анықтап, ұйымдастыру принциптерін нақты белгілеу.
Жұмыс мазмұныЖұмыс түрімерзіміЖауапты
1«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасымен таныстырутаныстыру2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
2Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқару әңгіме2023-2024Мектеп Президерті 
Примбетов Алишер 
3Мектеп парламенті оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытуДамыту жұмыстары2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
4Жұмыс үрдісін реттейтін ережелер мен механизмдермен таныстыруТаныстыру2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
5Парламенттің қызметінің негізгі бағыттары мен іс-шаралар жоспарын анықтауАнықтау2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
6Мектеп парламентінің жұмыс жүйесі мен оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдерді қарастыруТалдау2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
7 1.Құқық және тәртіп фракциясы Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
8Ақпарат фракциясыБекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
9Спорт және салауатты өмір салты фракциясыБекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
10Өзін-өзітану және бақыт фракциясы (психология)Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
11Қамқорлық фракциясы (еріктілік)Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
12Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық)Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
13Дебат қозғалысының фракциясыБекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
14Экология және еңбек фракциясыБекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
  1. Көшбасшылық дағдыларын дамыту: Тренингтер мен семинарлар
Мақсаты: Қоғамдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру: Оқушыларға көшбасшы болудың қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіндіре отырып, олардың қоғамдық шараларға белсенді қатысуын ынталандыру.
Жұмыс мазмұныЖұмыс түрімерзіміЖауапты
1Көшбасшылықтың негіздеріТренинг 2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
2Эмоционалдық интеллект және көшбасшылықСеминар 2023-2024Мектеп Президерті 
Примбетов Алишер
3Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруТренинг2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
4Қиын жағдайларды басқаруСеминар 2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
5Уақытты басқару және өнімділікТренинг 2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
6Топты басқару және мотивацияСеминар 2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
7Көшбасшы ретінде шешім қабылдауТренинг 2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
8Өткен тақырыптарды шолу және талқылау.Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
9Қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары.Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
10Жеке даму жоспарларын жасау.Бекіту2023-2024Тәлімгер Б.С.Алиева
  1. Жастардың белсенділігін арттыру: Әлеуметтік жобалар мен шаралар
Мақсаты: Подкаст арқылы оқушылардың рухани- адамгершıлıк тәрбиесıн жетıлдıру;
-Сандық технологияларды пайдалана отырып, тәрбие беру әдıстерıн жаңарту;
Жұмыс мазмұныЖұмыс түрімерзіміЖауапты
1Жас волонтерлер қозғалысыТоп құру 2023-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
2Жастардың пікірталас клубыәңгіме2023-2025Дебат фракциясының жетекшісі 
3«ПОДКАСТ» жобасыИнтервью  2024-2027Мектеп президенті Примбетов Алишер 
4Экологиялық тазалық акциясыЧеллендж 2024-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
5Жастарға арналған шығармашылық фестивальІс-шара 2024-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
6Спорттық турнирлер мен чемпионаттарСайыс 2024-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
7“Сенім телефоны” жобасыШара 2024-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
8Жастар арасында кәсіпкерлік идеялар байқау2024-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
  1. Жобаның қорытындысы: Мектеп парламентінің нәтижелері мен болашақтағы жоспарлар
Мақсаты: Қоғамдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру: Оқушыларға көшбасшы болудың қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіндіре отырып, олардың қоғамдық шараларға белсенді қатысуын ынталандыру.
Жұмыс мазмұныЖұмыс түрімерзіміЖауапты
1«Подкаст» жобасын жандандыру Интервью 2024-2027Тәлімгер Б.С.Алиева, А. Примбетов 
2Экологиялық тазалық акциясыЧеллендж 2023-2025Мектеп еңбек және тәртіп фракциясының жетекшісі
3Топты басқару және мотивацияДамыту жұмыстары2023-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
4Жас волонтерлер қозғалысыЕсеп отырысы2023-2025Еріктілер тобының жетекшісі
5SWOT талдау жасауМониторинг 2023-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
6Жобаның қорытындысы бойынша жаңа жобаны жасауды ұсынуБекіту 2023-2025Тәлімгер Б.С.Алиева
ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
  «Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру: Жастардың белсенділігі мен көшбасшылық дағдыларын дамыту» жобасы жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл жоба мектеп оқушыларының ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдап, олардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектеп парламентінің жұмысы арқылы оқушылар өз пікірін ашық білдіріп, қоғамдағы түрлі мәселелерге жауапкершілікпен қарауды үйренеді.
Жобаның жүзеге асырылуы барысында мектеп оқушыларының көшбасшылық дағдылары мен топтық жұмыс қабілеттері дамып, олар әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, өздерінің пікірін дәлелдеу мен ұжымдық шешім қабылдауға дағдыланады. Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибесін арттырып, болашақта қоғамда белсенді азамат ретінде қалыптасады.
Сонымен қатар, бұл жоба мектептегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектеп парламенті жастарды үйлесімді тұлға ретінде тәрбиелеу үшін қажетті құрал болып, оларды еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайындайды. Жобаның қорытындысы ретінде мектеп парламентінің жұмысын әрі қарай дамытуға және жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыруға үлкен негіз қаланды.
  Жастардың көшбасшылық дағдыларын дамытып, азаматтық жауапкершілігін арттырып, өзара сыйластыққа және бірлескен жұмысқа тәрбиелейді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив