Әлеуметтік жобалар » Страница 8 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру 2025-2026 оқу жылы
24
сентябрь
2025
Мектеп парламентінің жұмысын ұйымдастыру 2025-2026 оқу жылы
азіргі қоғамның дамуында жас ұрпақтың рөлі айрықша маңызды. Жастардың білім мен тәрбиесі ғана емес, олардың қоғамдық белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттері де қоғамның болашағын анықтайды. Осы орайда мектеп парламенті оқушылардың өз ойларын ашық білдіріп, қоғамдық өмірде белсенділік танытуына мүмкіндік беретін тиімді алаң болып табылады. Мектеп парламентінің жұмысы арқылы жастар өзінің азаматтық жауапкершілігін сезініп, көшбасшылық дағдыларын жетілдіре алады.
"Адалдық адамдық белгісі" облыстық бейнеролик байқауы
17
сентябрь
2025
"Адалдық адамдық белгісі" облыстық бейнеролик байқауы
Абай облысының білім басқармасы мен «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты облыстық бейнеролик байқауы білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, адалдық пен әділдік қағидаларын дәріптеуге бағытталды. Аталған байқауға Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің білім алушылары Мырзакаримова Жадыра мен Бекжан Каусар белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
14
март
2025
Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
Мектебімізде «Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында 6 «Б» және 5 «В» сыныптарының ата-аналарына арналған танымдық шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастырып, балалардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. Жауапты мұғалімдер Байгульжина Жазира Маратовна мен Байгельдина Молдир Толеукадыровна ата-аналарға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндірді. Кездесуде пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы, тамақтану рационын құру
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні
14
март
2025
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында, Ашық есік күні Электротехникалық колледж Мақсаты: оқушыларға кәсіптік-бағдар беру жұмысы бойынша көмек көрсету. Кәсіби бағдар беруші:Баяндинова У.Д
Даналық мектебі: "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер"
01
март
2025
Даналық мектебі: "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер"
Мектебімізде ата-аналарға арналған "Даналық мектебі" аясында "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыстарды жеңуге көмектесу және үйлесімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету. Кездесуге 6, 8, 9-сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында бала тәрбиесіндегі мейірімділік пен түсіністіктің маңыздылығы, эмоциялық қолдау көрсету әдістері талқыланды. Мұғалімдер
Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі
20
февраль
2025
Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі
Мектебімізде өткен кездесуде әжелер жас ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндірді. Олар ата-баба дәстүрін сақтау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру секілді құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлін атап өтті. Әжелердің айтуынша, баланы кішкентай кезінен еңбекке баулу, жауапкершілікке үйрету оның болашағына оң әсер етеді. Сонымен қатар, ата-аналарға немерелерін ұлттық тәрбиеге жақындатып, салт-дәстүрлерді үйрету жолдары көрсетілді. Әжелер жас ұрпақты
Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру
23
январь
2025
Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру
N16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарға арналған “Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру” тақырыбында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың салауатты өмір салтының маңызды бөлігі ретінде ата-аналардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету. Жиналыс барысында балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңызы жан-жақты талқыланды. Мамандар ата-аналарға дұрыс тамақтанбауға байланысты туындайтын аурулар мен
«Әнұран айту» челленджі
25
октябрь
2024
«Әнұран айту» челленджі
Республика күні қарсаңында мектебімізде оқушылардың белсенді қатысуымен елге деген құрмет пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды. Мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі – Әнұранды қадірлеу және оны мақтанышпен орындау үшін мектебімізде «Әнұран айту» челленджі өтті. Оқушылар жүрек тебірентерлік жігермен Әнұранды бірге орындап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл шара Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарын құрметтеу мен жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік