14
январь
2026
«Өз құқықтарыңды біл» атты онлайн-челленджі
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің 2 «Б» сынып оқушылары «Заң мен тәртіп» айлық жоспар аясында «Өз құқықтарыңды біл» атты онлайн-челленджге белсене қатысты. Челлендждің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына құқықтық білім беру, олардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар бала құқықтары туралы қарапайым әрі түсінікті ақпараттармен танысып, өз ойларын сурет, қысқа бейнеролик және шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді.


