"Адалдық адамдық белгісі" облыстық бейнеролик байқауы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адалдық адамдық белгісі" облыстық бейнеролик байқауы
17
сентябрь
2025

"Адалдық адамдық белгісі" облыстық бейнеролик байқауы

Абай облысының білім басқармасы мен «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты облыстық бейнеролик байқауы білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, адалдық пен әділдік қағидаларын дәріптеуге бағытталды. Аталған байқауға Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің білім алушылары Мырзакаримова Жадыра мен Бекжан Каусар белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар бейнеролик арқылы адалдықтың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызын көркем түрде жеткізіп, өз ойларын мазмұнды әрі әсерлі көрсете білді.

Байқауға қатысу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып қана қоймай, азаматтық жауапкершілік, адамгершілік, шынайылық сияқты маңызды қасиеттері қалыптасты. Сонымен қатар, бұл жұмыс оқушылардың бейнематериал дайындау, идеяны жүйелеу, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған байқауға қатысқаны үшін Мырзакаримова Жадыра мен Бекжан Каусарға қатысушы сертификаты табысталды. Бұл – олардың еңбегіне берілген жоғары баға әрі алдағы шығармашылық жетістіктеріне серпін беретін маңызды қадам.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге ықпал етіп, білім мен тәрбиенің қатар дамуына негіз болады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив