12
февраль
2026
«Vipusknik.kz–2026» республикалық білім беру көрмесіне 9-11 сынып оқушылары
2026 жылдың 12 ақпан күні сағат 13:00-де Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өткен «Vipusknik.kz–2026» республикалық білім беру көрмесіне 9 «Б», 10 «А», 10 «Ә», 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшілері мен кәсіби бағдар берушінің жетекшілігімен қатысты.
Көрме барысында оқушылар еліміздің жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат алып, болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды. Іс-шара оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, білім беру ұйымдары туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел


