03
февраль
2026
«Нархоз» университетінің кәсіби бағдар беруші
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Нархоз» университетінің кәсіби бағдар беруші маманы келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында университетте білім алу мүмкіндіктері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, мамандық түрлері және қос диплом алу мүмкіндігі туралы кеңінен ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіби бағдар беруші: Толыбай Әсел


