«Көңілді үзіліс»
Математика, информатика, физика бірлестігінің онкүндігі аясындағы «Көңілді үзіліс» №16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте Шәкәрім университетінің 3 курс, М1-301 тобының студенттері ұйымдастырған танымдық әрі көңілді ойын өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және оқу үдерісін қызықты форматта ұйымдастыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, шапшаңдық пен тапқырлықтарын көрсете білді 🎈