17
сентябрь
2026
5 «В» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ
17 қыркүйек мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында 5 «В» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Керқұла атты Кендебай» ертегісі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, талдау тапсырмаларын орындады. Топтық жұмыстарға белсенді қатысып, мәтіннен дәлел келтіріп, өз ойларын еркін жеткізді. Сабақта ЖИ мүмкіндіктері де тиімді қолданылды.
Пән мұғалімі: Жұмабекова Р.К.



