Ұлдар жиналысы 5-10 сыныптар

Мектепте 5–10 сынып оқушыларына арналған ұлдар жиналысы ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп тәртібін сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жиналыстың алғашқы бөлімінде мектеп инспекторы құқықұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ешенова А.Б. мектептің ішкі тәртіп ережелері мен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Педагог-психолог Баяндинова У.Д. «Болашағым өз қолымда» тақырыбында оқушыларды жауапкершілікке, дұрыс таңдау жасауға үндеді. Мектеп тәлімгері Алиева Б. мектеп формасын сақтау талаптарын түсіндірсе, әлеуметтік педагог Жұмаханова Б.А. асханадағы тамақтану ережелері мен мәдени тәртіп жайлы ақпарат берді.
Жиын соңында оқушыларға пайдалы кеңестер айтылып, тәртіп пен өзара сыйластықтың маңызы атап өтілді.


