“Тәлім” атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәлім” атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы
12
январь
2026

“Тәлім” атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы

№16 Төлеубай Аманов атындағы мектепте “Тәлім” атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы отырысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді қолдану.
Отырыс мектеп психологы Садвакасова Дина Гизатовнаның жетекшілігімен өткізілген психологиялық тренингтен басталды. Тренинг барысында жас мұғалімдердің коммуникативтік дағдыларын дамыту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері қамтылды. Келесі кезекте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мустапанова Б. А. “Геймификация: сабақта ойын элементтерін қолдану”тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндамашы оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда ойын технологияларының маңыздылығын атап өтіп, тәжірибелік мысалдармен бөлісті.
Іс-шара барысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Омаргазина М. Қ. “Ағылшын тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер” тақырыбында өз іс-тәжірибесін ұсынды. Баяндамада білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдістерге ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шараның өткізілуіне жауапты жас мамандар мектебінің жетекшісі– Арипбекова А. Ч. болды. Жас мамандар мектебі отырысы жас педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, шығармашылық белсенділігін дамытуға және білім беру сапасын жақсартуға ықпал етті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив