Кезекті әдістемелік кеңес » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезекті әдістемелік кеңес
29
декабрь
2025

Кезекті әдістемелік кеңес

2025 жылдың 29 желтоқсанында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңестің күн тәртібі:
1) Орыс тілі, тарих пәні бірлестігі онкүндігінің қорытындысы (Бірлестік жетекшілері: А.М. Оспанова, А.Т.Тоқтарова)
2) Тілдік пәндерде ЖИ қолдану жолдары ( Д.О.Темірғалиева, Д.М.Жумагулова,  В.Асхатқызы)
3) Білім алушылардың жобалау және танымдық іс-әрекеттерінің негізгі дағдыларын қалай қалыптастыруға болады? («Магистрлер мектебі» мүшелері)
Әдістемелік кеңесте орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің «От Пушкина до нейросети: гуманизм и вечные ценности в диалоге с искусственным интеллектом»   және  тарих пәні бірлестігінің «Тарихты оқытуда өлкетану мен цифрлық технологияларды интеграциялау» тақырыбындағы  онкүндігінің қорытындысы тыңдалды.
Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О.Темірғалиева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Д.М.Жумагулова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі В.Асхатқызы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінде жасанды интеллектіні білім алушылардың білім көкжиегін кеңейтетін құрал ретінде қалай пайдалануға болатынын практика жүзінде көрсетті.
«Магистрлер мектебінің» жетекшісі Л.Т.Оспанова, мүшелері А.С.Аубакирова, Т.Т.Жүрсінова, Н.Т.Имангожина, М.М.Иманғалиева, Г.Б.Байжұлдановалар білім алушылардың жобалау және танымдық іс-әрекеттерінің негізгі дағдыларын қалыптастыру жолдары туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары Ж.Н.Нурлыбаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив