Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
08
декабрь
2025

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі

№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 24.11 – 05.12.2025ж. аралығында «От Пушкина до нейросети: гуманизм и вечные ценности в диалоге с искусственным интеллектом» атты орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі өтті. 

Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығулықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. 

Онкүндік барысында жоспар бойынша ашық сабақтар өткізіліп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. 24 қараша күні онкүндіктің ашылуы 1-қабатта  өткізілді. Оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, дұрыс орындаған оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды. 

 25 қараша күні  А.Ч.Арипбекова 2-сынып оқушылары арасында «Семья – это 7 «Я» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Арлан Еранов, Айсана Ахметова, ІІ орынды Тұрсын Жаңасыл, Стамбекова Айзере, Темірғалиев Жәнібек, Мейрамғазы Ерасыл, ал ІІІ орын ды Жақыпов Әнуар, Советхан Мейірім, Ораз Жігер, Егінбай Айла иеленді.

Сондай-ақ Д.М. Жумагулова   «Мы с книгой по жизни шагаем...» атты   READx, Б.А.Мустапанова «Мое любимое стихотворение» мәнерлеп оқу сайысын, А.М.Оспанова 11 «Ә» сыныбында  «Что? Где? Когда?»  интеллектуалды ойынын, Э.М.Райымбекова 9-10-сыныптар арасында «Жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіре ме?» деген тақырыпта  пікірталас ұйымдастырды. Сонымен қатар педагог-сарапшы Л.А. Бектина 5 «А» сыныбында «Дружба – богатство бесценное»,  педагог-зерттеуші Э.М. Райымбекова 8 «Ә» сыныбында «Как хлеб на стол пришёл», педагог-сарапшы А.Ч.Арипбекова  8  «Б» сыныбында «Герои-космонавты Республики Казахстан», педагог-зерттеуші Д.М.Жумагулова 8 «А» сыныбында «Вперёд к звездам!», педагог-зерттеуші А.М.Мустапанова «Кем быть?» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Онкүндік аясында «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Семей қаласы білім бөлімі жоспарына сәйкес  «Абай и Пушкин о любви и жизни: поэзия, объединяющая народы»   облыстық мәнерлеп оқу  байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қала мектептерінің орыс және қазақ тілінде білім алатын 100-ге жуық оқушы қатысып, Абай мен Пушкиннің махаббат пен өмір туралы жырларын жоғары деңгейде орындады. Байқауда біздің мектебіміздің талантты оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді: 7-сынып оқушысы Мырзакаримова Жадыра (жетекшісі – Б.А.Мустапанова) I орын, 8-сынып оқушысы Шарипканова Айым (жетекшісі – Д.М.Жумагулова) ІІ орын иеленді.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив