"Адалдық адамдық белгісі" облыстық бейнеролик байқауы
Абай облысының білім басқармасы мен «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты облыстық бейнеролик байқауы білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, адалдық пен әділдік қағидаларын дәріптеуге бағытталды. Аталған байқауға Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің білім алушылары Мырзакаримова Жадыра мен Бекжан Каусар белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.