Тәрбие жұмыс » Страница 11 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлттық ойын" күні
20
март
2025
"Ұлттық ойын" күні
20 наурыз "Ұлттық ойындар " күніне орай мектебімізде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұлттық ойын" күні мерекеленді.  Мақсаты: мәдени мұраны сақтау,жас ұрпақтың бойындағы ұлттық сана-сезімді күшейту. Ұлттық спорттың денсаулыққа пайдасы айтылып, ептілік, жылдамдық, төзімділік және ақыл-ой дамыуына әсер ететін ойындар таңдап алынды.Жоспарға сәйкес,  ұлттық ойындар : " Қол күрес", "Тоғызқұмалақ", "Бес тас", "Арқан тарту" өткізілді. Жарыста 9 "Б",9 "А" сыныптары ерекше көзге түсіп,жеңіс
Жаңару күні
19
март
2025
Жаңару күні
19 наурыз "Жаңару күні" бұл күні "жаңа көшеттер- жаңа идеялар-мемлекет дамуындағы жаңа кезең деген мәнге негізделген. √16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9"Б",9"В" оқушылары да мектептің алдын жинастырып тазалық маздылығын әрбір қазақстандықтын өмірінде жаңа кезеңнің басталуы деп үлгі көрсетті
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Рухани құндылықтарды дәріптеу
18
март
2025
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Рухани құндылықтарды дәріптеу
18 наурыз күні мектебімізде "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күні жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараға 9А және 9Ә сынып оқушылары белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты.  Мерекелік шара барысында қазақ халқының мәдениеті мен өнері кеңінен насихатталды. Оқушылар жарапазан әнін шырқап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, асық ату, арқан тарту сайыстары қызықты әрі тартысты өтті.
Ұлттық киім күні
18
март
2025
Ұлттық киім күні
18 наурыз Ұлттық киім күні Ұлыстың ұлы күні-ақ түйенің қарны жарылған күн.Дәстүрімізге айналған мерекелік кешінде тойлап өтті. Кеште балалар қазақи дәстүр мен нақыштарға бөлене отыра уақыттарын көңілді өткізді. Келген Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлы мереке бәрімізге тек жақсылық әкелсін!
Семей қалалық өлкетану мұражайына танымдық саяхат
17
март
2025
Семей қалалық өлкетану мұражайына танымдық саяхат
Семей қаласының Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5 "В" сынып оқушылары Семей қалалық өлкетану мұражайына танымдық саяхат жасады. Экскурсия барысында оқушылар туған өлкеміздің бай тарихымен, мәдени мұраларымен, табиғи ерекшеліктерімен танысты. Мұражай қызметкерлері Семей өңірінің өткені мен бүгіні жайлы қызықты мәліметтер ұсынып, тарихи жәдігерлердің маңызын түсіндірді. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлы тұлғалары мен тарихи оқиғалар туралы тың ақпарат алып,
Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
14
март
2025
Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион
Мектебімізде «Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында 6 «Б» және 5 «В» сыныптарының ата-аналарына арналған танымдық шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастырып, балалардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. Жауапты мұғалімдер Байгульжина Жазира Маратовна мен Байгельдина Молдир Толеукадыровна ата-аналарға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндірді. Кездесуде пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы, тамақтану рационын құру
“Қоржын” челленджі – Наурыз мерекесіне орай
14
март
2025
“Қоржын” челленджі – Наурыз мерекесіне орай
@47_mektep_semey ұйымдастыруымен бастау алған “Қоржын” челленджін @45mektep_semey-тен қабыл алып, оны @36mektepsemey-ке жолдаймыз. Бұл челлендж Наурыз мерекесінің басты құндылықтарын дәріптеуге арналған. Қоржын – қазақ халқының ұлттық мәдениетінде молшылық пен берекенің символы. Наурыз мейрамында адамдар бір-біріне сый-сияпат жасап, ізгі тілектерін білдіреді. Челлендж аясында дәстүрлі ұлттық тағамдар дайындалып, ақ дастархан жайылады. Оқушылар мен мұғалімдер наурыздың мәні мен маңызын
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні
14
март
2025
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні
Кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында, Ашық есік күні Электротехникалық колледж Мақсаты: оқушыларға кәсіптік-бағдар беру жұмысы бойынша көмек көрсету. Кәсіби бағдар беруші:Баяндинова У.Д
«Анаммен әлем әдемі» атты тәрбие сағаты
07
март
2025
«Анаммен әлем әдемі» атты тәрбие сағаты
0«А» сыныбында сынып жетекшісі Н.Ж. Каленованың ұйымдастыруымен «Анаммен әлем әдемі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау болды. Тәрбие сағатында балалар аналарына арнап өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, аналарының суреттерін салып, өз қолдарымен жасалған ашық хаттарды сыйға тартты. Балалардың кішкентай болса да, үлкен жүректен шыққан шынайы алғыстары залда отырған