"ЖАС ЖҰЛДЫЗ" ЛАГЕРІ » Страница 14 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бабалар сөзі 100 том " АРТ көрме
12
октябрь
2018
"Бабалар сөзі 100 том " АРТ көрме
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Өлкетану" жобасы бойынша Ұлттық брендіміздің "Бабабалар сөзі 100 томдық" топтамасына арналған АРТ көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кітапханашылар 100 томдық топтамасымен таныстырып, "ТӨРТ АНА" идеясы негізінде құрылған жоспар бойынша сыныптарға томдарды бөліп, 3 жыл ішінде оқып шығулары керектігін айтты. Бабалар үні арқылы сөз қадірін, туған тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу және бабамыздың өсиеті, үні арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. ТОМДАР:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
11
октябрь
2018
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында мектеп ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді Тарих пәнінің мұғалімі Байгельдина Молдир жолдаудың негізгі бөлімдеріне тоқталды. І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ. II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ. III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы
Оқу-танымдық экскурсия
07
октябрь
2018
Оқу-танымдық экскурсия
2018 жылдың 05.10-07.10 аралығында Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дюсебаева Жанар Түлкібайқызының ұйымдастыруымен, ата-аналардың қолдауымен 9-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері "Тәрбие мен білім" кіші бағдарламасындағы "Өлкетану" жобасын іске асыру аясында, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жаңаөзен ауылына 15 шақырым Ескелді жеріндегі киелі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барды. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына киелік сана ұғымын дамыту. Қайтар
«ҮЗДІК МЕКТЕП МҮЗЕЙІ» "ЛУЧШИЙ ШКОЛЬНЫЙ МУЗЕЙ"
05
октябрь
2018
«ҮЗДІК МЕКТЕП МҮЗЕЙІ» "ЛУЧШИЙ ШКОЛЬНЫЙ МУЗЕЙ"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2 қазан күні Өскемен қаласында өткен облыстық «ҮЗДІК МЕКТЕП МҮЗЕЙІ» конкурсында Семей қаласының Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп жүлделі I ОРЫН иеленді. Мұражай жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Айтқазина Алтынгүл Айтқазықызы. Жобаны қорғаған: 11 сынып оқушысы Советхан Саян
«ТАҢДАУЛЫ ҰСТАЗ-2018»
04
октябрь
2018
«ТАҢДАУЛЫ ҰСТАЗ-2018»
«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республика бойынша 100 таңдаулы ұстаздың есімін анықтау мақсатында Алматы қаласында өткен «ТАҢДАУЛЫ ҰСТАЗ-2018» жобасында Семей қаласының Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Искакова Айгерім Жанатқызы жеңімпаз атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Таза қала" акциясы
02
октябрь
2018
"Таза қала" акциясы
Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы 02 Қазан күні "Таза қала" акциясы аясында Б.Жамакаев, Гоголь көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жас мамандардың "Тіл шебері-2018" конкурсы
28
сентябрь
2018
Жас мамандардың "Тіл шебері-2018" конкурсы
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Тіл шебері -2018» жас оқытушылар арасындағы қалалық конкурсы 2018 жыл 28 қыркүйекте қаламыздағы № 37 гимназияда болып өтті. Конкурсты өткізудің мақсаты үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас оқытушыларды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілділікті насихаттау. Бұл конкурсқа қала мектептерінен 18 жас оқытушылар қатысты.
«Мақтанышым-Астана» Астана қаласына саяхат
26
сентябрь
2018
«Мақтанышым-Астана» Астана қаласына саяхат
«Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 4-11 сыныптарынан 100 оқушы, 9 мұғалім, 1 медбике «Тәрбие мен білім» кіші бағдарламасындағы «Отаным – тағдырым» базалық жобасы бойынша Астана қаласына барды. Бағдарламада: ҚР Тұңғыш Президенті және Ұлттық мұражай, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы, ЭКСПО «Нұр әлем» көрмесіне барып жанды сабақ өткізді. Сондай-ақ, Астана опера театрында «Абай» спектаклін тамашалады. Елорданың тарихи орындары «Керей хан мен әз Жәнібек»
"Үздік орта білім беру мектеп"
23
сентябрь
2018
"Үздік орта білім беру мектеп"
Қыркүйектің 23 күні Қала күніне орай Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп "Үздік орта білім беру мектебі" атағымен марапатталды.
"Туған қалам, Семейім" мерекелік іс-шара
21
сентябрь
2018
"Туған қалам, Семейім" мерекелік іс-шара
Мектепте қала күніне орай арнайы жоспар бекітіліп, мерекелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, "Туған қалам,Семейім!" флешмобы, көрме, баскетболдан ұлдар арасында турнир, "Туған күніңмен,Семей!" атты поэтикалық кеш өткізіліп, 11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сондай-ақ, "Адал Ұрпақ" клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жайна Семей!" акциясы өткізілді. Сонымен қатар мектебімізде Семей қаласынан шыққан ақын-жазушыларымыздың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.