Әдістемелік » Страница 6 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Дәстүрлі және digital форматтағы ұлттық ойындар» тақырыбында іс-шара
23
февраль
2026
«Дәстүрлі және digital форматтағы ұлттық ойындар» тақырыбында іс-шара
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің он күндігі аясында 24 ақпан күні 2-сыныптар арасында «Дәстүрлі және digital форматтағы ұлттық ойындар» тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: ұлттық ойындарды дәріптеу, оларды цифрлық форматта жаңғырту және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысып, олардың тәрбиелік маңызын түсінді. Дәстүрлі форматта балалар ептілік пен шапшаңдықты талап ететін ойын элементтерін ойнады.Сонымен қатар
2-7 сынып оқушыларына арналған «ЗЕРДЕ»  зерттеу жобалары
22
февраль
2026
2-7 сынып оқушыларына арналған «ЗЕРДЕ» зерттеу жобалары
2026 жылдың 20-23 ақпаны аралығында Ақмола облысының  Щучинск қаласында өткен 2-7 сынып оқушыларына арналған «ЗЕРДЕ»  зерттеу жобалары мен  шығармашылық жұмыстары республикалық байқауында мектебіміздің 6 «В» сынып оқушылары Саматова Айсұлу, Оспанова Жанорда қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Этномәдениеттану» секциясы бойынша жеңімпаз атанып, І Дәрежелі Диплом иеленді. Жетекшісі – тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші П.К.Райстанова. Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшісін толағай табыстарымен
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
20
февраль
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақтың кемеңгер ақыны, ойшыл, аудармашы, сазгер  Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім даналығы» байқауында 8 «А» сынып оқушысы Нұрайым Сембаева (жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О.Темірғалиева) ІІІ орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Шәкәрім даналығы» байқауы
20
февраль
2026
«Шәкәрім даналығы» байқауы
20 ақпан 2026 жылы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында ұйымдастырылған  қазақтың кемеңгер ақыны, ойшыл, аудармашы, сазгер  Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім даналығы» байқауында мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Нұрайым Сембаева ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О.Темірғалиева.
"Абай и Пушкин - две звезды мировой литературы" атты қалалық конференция
20
февраль
2026
"Абай и Пушкин - две звезды мировой литературы" атты қалалық
2026 жылдың 20 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген "Абай и Пушкин - две звезды мировой литературы" атты қалалық конференцияда мектебіміздің 9-сынып оқушысы Бекен Ақнұр жүлдегер атанып, ІІІ орын алды.  Жетекшісі - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.А.Мустапанова.
«Менің арман әлемім» атты сурет байқауы
18
февраль
2026
«Менің арман әлемім» атты сурет байқауы
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 10 күндігі аясында 18 ақпан күні 2-сыныптар арасында «Менің арман әлемім» атты сурет байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты – оқушылардың қиялын ұштап, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз арманын сурет арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру.Оқушылар түрлі-түсті бояулармен өздерінің болашақтағы армандарын, бақытты әлемін, бейбіт өмірді және қиялындағы ғажайып кейіпкерлерді әсерлі түрде суреттеді. Ұйымдастырушылар: Баяхтетова Г.С, Асановп М.О
«Сиқырлы шаршылар елінде»  тақырыбында шахмат сайысы
17
февраль
2026
«Сиқырлы шаршылар елінде» тақырыбында шахмат сайысы
Бүгін мектебімізде 2-4-сынып оқушылары арасында нағыз ақыл-ой додасы  «Сиқырлы шаршылар елінде»  тақырыбында шахмат сайысы  өтті. Жас шахматшыларымыз шаршы алаңда өз шеберліктерін ортаға салды. Сайыс мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдап, шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру. САЙЫС НӘТИЖЕСІ: I-орын Куандык Даниял (3 «А» сынып) Жетекшісі: Құдайбергенова Ж. М. II-орын Дюсембек Алихан  (2 «Б» сынып) Жетекшісі: Турысбекова Ш. К. III-орын Талгатов Нурхан (2 «Б» сынып)
Бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігі
16
февраль
2026
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
2026 жылдың  16-27 ақпан аралығында өткізілетін  «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үрдісінде  қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер»  атты бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігінің онкүндігі басталды. Мақсаты:Бастауыш білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін зерделеп, педагогтердің озық тәжірибелерін тарату.
Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауы
10
февраль
2026
Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің
10 ақпан 2026 жылы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдердің зияткерлік байқауының облыстық кезеңіне Семей қаласы мұғалімдерінің командасы құрамында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Есенова Жанар Есенқызы қатысып, команда Бас жүлдеге ие болды. Жанар Есенқызы І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ иеленді.