Әдістемелік » Страница 22 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі
14
февраль
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің аясында пән мұғалімі Ж.Е.Есенова 6 “Ә” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Жазушы Оралхан Бөкейдің “Тортай мінер ақ боз ат” әңгімесіндегі кейіпкерлердің типін тек тұрғысынан талдап, шығарма композициясындағы эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасады. Сабақ өз оқу мақсатына жетті.  
"Алаштың арысы Халел Ғаббасовтың туғанына-135жыл" атты танымдық сабақ
13
февраль
2023
"Алаштың арысы Халел Ғаббасовтың туғанына-135жыл" атты танымдық сабақ
"16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ"КММ тарих пәнінен "Алаштың арысы Халел Ғаббасовтың туғанына-135жыл" орай 8сыныпта танымдық сабақ өткізілді.
«Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш
08
февраль
2023
«Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш
Абай облысы Семей қаласындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен
“Көркем жазу-өнер” деген атаумен 8-10 сынып оқушылары
08
февраль
2023
“Көркем жазу-өнер” деген атаумен 8-10 сынып оқушылары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында “Көркем жазу-өнер” деген атаумен 8-10 сынып оқушыларының арасында сайыс өткізілді. Сайысқа 15 оқушының дәптерлері іріктелініп алынды. Мұғалімдер, машықкерлер әрі оқушылар ұсынылған жазуларға стикерлер арқылы баға берді.Нәтижесінде, А.Жаныбекова 1-орын, Ү.Оразғали мен Б.Сарқытқанұлы 2-орын, А.Тойлыбаева 3-орын алды.  
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты»  ашық сабақ
07
февраль
2023
«Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі онкүндігінің аясында пән мұғалімі Ж.Н.Нұрлыбаева 8 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ««Ұшқан ұя» повесінің көркемдік қуаты» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сыныпты үш топқа бөліп, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдаланды. Интерактивті тақтадан тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіп, оқушылар сол бойынша да жұмыс жасады. «Сиқырлы қобдиша» әдісімен сабақты қорытындылап, сынып оқушыларына Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын сыйға тартты. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
07
февраль
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
««Қазақ тілі» пәнінен білім беру арқылы мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жолдары» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі 06.02.-17.02.2023 жыл аралығында өтеді. 06.02 күні аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты «Бауырсақ-береке» үлгісі бойынша басталды. Ұйымдастырушылар арнайы ұлттық тағамдардан дастархан жайып, оқушылар мен мұғалімдерге сұрақтар қойды. Сұраққа дұрыс жауап бергендер жайылған дастарханнан дәм татты. Ұлттық құндылықтарымызды
Қазақ тілі пәнінің онкүндігі
06
февраль
2023
Қазақ тілі пәнінің онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің 6.02-17.02.2023 жыл аралығында  "Қазақ тілі  пәнінен  білім беру арқылы мұғалім мен  оқушының арасындағы  ынтымақтастық қарым-қатынас орнтау жолдары" атты онкүндіктің  жоспары
Әртүрлі елдегі амандасу салттары
06
февраль
2023
Әртүрлі елдегі амандасу салттары
Қазақ халқы сәлемдесу мәдениетіне аса мән берген. "Сәлем – сөздің анасы", "Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше", "Сәлемге сөз таба білмеген халыққа жол таба білмейді" деген мақал-мәтелдер сөз басы сәлемдесу екенін ұқтырады.  Әр елдің  амандасу салтымен танысу, және өз халқымыздың дәстүрлерімен салыстыру және ә р түрлі халықтар өмірінен мол мағлұмат  алып оқушыларға насихаттау.
"АМАНОВТЫ ТАНУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ..." атты танымдық сабағы
02
февраль
2023
"АМАНОВТЫ ТАНУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ..." атты танымдық сабағы
Алаштың ғұлама ғалымдарының бірі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылымдар Академисяының корреспондент-мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, мектеп атын асқақтатқан түлек, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 2023 жылдың 25 амызында 100 жыл толады.Аталған мерекеге орай "АМАНОВТЫ ТАНУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ..." атты танымдық сабағын математика пәні мұғалімі Нурбаева Жазира Есенкелдіқызы өткізді.