Оқу үрдісі » Страница 4 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
21
ноябрь
2025
Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын
20.11 күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде “100 кітап” ұлттық сауалнамасы аясында Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша интеллектуалды ойын өтті. Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 8 “А” сынып оқушылары қатысты. “Ұшқан ұя” шығармасы бойынша білім алушылар ойларын ортаға салып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындаған тапсырмаларға жауап берді. Іс-шараның өтуіне белсенді қатысқандары үшін сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды дайындаған:
Педагогтердің материалдарын (портфолионы) бағалау парағы
13
ноябрь
2025
Педагогтердің материалдарын (портфолионы) бағалау парағы
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, 12-қосымшада көрсетілген педагогтердің материалдарын (портфолионы) бағалау критерийлері бойынша мұғалімдерге таныстыру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында бағалау парағының талаптары, балл қою жүйесі және құжаттарды рәсімдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. 
2025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасына жүргізілген сараптамалық талдау
27
октябрь
2025
2025–2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша оқу үлгерімі мен білім
2025–2026 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша мектепте барлығы 897 оқушы білім алуда. Тоқсандық бағалау нәтижелері төмендегідей: Оқу озаттары: 137 оқушы (15%) Екпінділер: 424 оқушы (47%) Үлгерушілер: 336 оқушы (38%) Үлгермеушілер: жоқ (0%) Бір пәннен “4” алғандар: 64 оқушы Бір пәннен “3” алғандар: 48 оқушы Білім сапасы: 62,5%  Үлгерім көрсеткіші: 100%  Орташа балл:  4,02
“Қос тілдің шебері”атты әдеби шолу 6 сыныптар
14
октябрь
2025
“Қос тілдің шебері”атты әдеби шолу 6 сыныптар
Мектеп кітапханасында “Балалар және жасөпірімдер кітапханасы” қызметкерлерімен бірлескен жұмыс Абайтанушы-ғалым Мұрат Сұлтанбековтың шығармашылығы бойынша “Қос тілдің шебері”атты әдеби шолу 6 сыныптар арасында өткізілді.  Мақсаты:жергілікті жазушы М.Сұлтанбековтың өмірі,шығармаларымен таныстыру,өскелең жас ұрпақты әдебиетке жақын болуға,адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
08
октябрь
2025
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілді. Құжатқа сәйкес аттестаттауға өтініш беру және құжаттарды қабылдау электрондық форматта egov.kz порталы және «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні, қызмет тегін көрсетіледі. Аттестаттау рәсімі педагогтердің кәсіби дамуын және қызмет сапасын бағалауға бағытталған. 
“Ана тілі-асыл мұра”атты мәнерлеп оқу
19
сентябрь
2025
“Ана тілі-асыл мұра”атты мәнерлеп оқу
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында “Ана тілі-асыл мұра”атты мәнерлеп оқу өткізілді.Мақсаты: Оқушылар өз еліне,ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге,тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету,тіліміздің қадір,қасиетін бойларына дарыту.Белсене қатысқан 4”Б”,4”Г”,3”А” сынып оқушыларына алғыс айтамыз.