Ақпарат » Страница 126 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектепшілік әскерилендірілген жарыс кросс
24
октябрь
2022
Мектепшілік әскерилендірілген жарыс кросс
N16 Төлебай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сыныптары арасында 25 қазан Республика күніне орай "Мен патриотпын" атты мектепшілік әскерилендірілген жарыс кросс түрінде өтті. Бұл жарыста ұлдар 1000м, қыздар 500м. қашықтыққа жүгірді. Жүгіруден кейін 10м. қашықтыққа орналасқан нысанаға пневматикалық мылтықтан тұрып атумен жалғастырып, ұлдар 30м, қыздар 20м. қашықтыққа граната лақтырып бақтарын сынады. 
"Бір ғасырылық тарихы бар мектеп" атты салтанатты жиын
21
октябрь
2022
"Бір ғасырылық тарихы бар мектеп" атты салтанатты жиын
100 жылдық мерейтойына арналған "Бір ғасырылық тарихы бар мектеп" атты салтанатты жиын өтті
Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл
21
октябрь
2022
Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл
Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай жазушының өмірбаянымен және ел мүддесі үшін атқарған еңбегі жайлы оқушыларға мағлұмат берілді.Ұлт жанашыры, жазушы Шерхан Мұртазаның тағылымы мол мұрасын насихаттап,көрмеге қойылған жазушының көптеген кітаптарымен 5-6 сынып оқушылары таныстырылды."Қаламгердің мен оқыған туындысы" тақырыбында "Ай мен Айша" шығармасы 5-6 сыныптар арасында талданды. 
«Қазақ еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты
21
октябрь
2022
«Қазақ еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты
25-қазан Республика күніне орай 2"ә"сыныбында «Қазақ еліне саяхат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту.«Кім көп біледі?» кезеңі бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға жауап берді. Қазақстан Республикасының рәміздеріне кездесетін суреттерді, бейнелерді дұрыс табу, берілген тапсырмаларды орындады. Интербелсенді тақтадан "Қазақстан еліне саяхат "Қазақстанның көрікті жерлері
«Менің Отаным-Қазақстан» деген тақырыпта тәрбие сағаты
21
октябрь
2022
«Менің Отаным-Қазақстан» деген тақырыпта тәрбие сағаты
25 қазан Республика күніне орай 3 «Ә»және 3 «Г»сынып оқушылары Қаламыздағы алғашқы мұражайлардың бірі тарихи-өлкетану мұражайына барды. Одан әрі «Менің Отаным-Қазақстан» деген тақырыпта тәрбие сағатымен жалғасты. Мақсаты:Туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге,туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып отыруға,елімізді қорғай білуге,ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды,ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшілер:Баяхметова Г.
«Ш.Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» атты бірыңғай күн
21
октябрь
2022
«Ш.Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» атты бірыңғай күн
Белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Шерхан Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» атты бірыңғай күн жоспарланған. Аталмыш іс-шара аясында 10-сынып оқушылары «Бесеудің хаты» драмасын талдап, тарихи құндылығын анықтады. Туындының шығу тарихына байланысты бейнероликтер көріп, мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Шығарманың жазылуына түрткі болған жағдайды тарихпен байланыстырып, өз ойларын да ортаға салды. Азаттықтың қандай жолмен келгенін
"Мектеп Президенті сайлауы -2022 жыл"
20
октябрь
2022
"Мектеп Президенті сайлауы -2022 жыл"
№16 Т.Аманов атындағы  жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп президенті сайлауы-2022 өткізілді. Бүгін 20.10 күні мектеп парламентінің президентін сайлау процесі өткізілді. Оқушылар президент үміткерлерімен танысып, дауыс берді. Президенттікке үміткер оқушылар: ✅ Омарханов Ерали  ✅ Асылбекова Лейла  ✅Мәуліт Ерасыл  
«Ұлан байтақ Республикам менің» атты мәнерлеп оқу сайыс
20
октябрь
2022
«Ұлан байтақ Республикам менің» атты мәнерлеп оқу сайыс
25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында «Ұлан байтақ Республикам менің» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 5-7 сыныптың поэзияға жаны құмар білім алушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Оқушылар туған ел мен жерге, Отанға деген махаббаттарын өлең жолдары арқылы көрсетті. Төл әдебиеттегі шоқтығы биік ақындардың шығармаларын жүрекпен айтқан оқушылардың үлкен жауапкершілікті сезініп дайындалғаны байқалады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.О.Темірғалиеваның
7-8 сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы
19
октябрь
2022
7-8 сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы
Қазақ әдебиетіндегі дара тұлғалардың бірі-Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген 7-8 сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы өтті. "Жүз жылдық жара " әңгімесінің идеясына арналған жиынға оқушылар қызыға қатысты. Алдымен жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алған соң, әңгіменің қысқаша мазмұны мұғалімнің көмегімен талданды. Кие деген сөздің мән-мағынасына баса назар аударылып, балалар өз ойларын қызықты жеткізе білді. Сабақ соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні