Ата-аналарға психологиялық кеңес » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға психологиялық кеңес
13
октябрь
2026

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Баланың психологиялық саулығын сақтау және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кеңестер
1. Балаңызды тыңдаңыз. Күн сайын баламен ашық сөйлесіп, оның сезімдері мен ойларына көңіл бөліңіз.
2. Мейірім мен қолдау көрсетіңіз. Баланы жетістігі үшін ғана емес, қандай жағдайда да жақсы көретініңізді сездіріңіз.
3. Салыстырмаңыз. Баланы басқа балалармен салыстырмай, оның жеке қабілеттері мен жетістіктерін бағалаңыз.
4. Сын айтқанда абай болыңыз. Баланы кемсітпей, қателігін сабырмен түсіндіріңіз.
5. Мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз. Тұйықталу, көңіл күйдің күрт өзгеруі, достарынан алыстау, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы сияқты белгілерді елемеңіз.
6. Демалысына жағдай жасаңыз. Баланың жеткілікті ұйықтауына, таза ауада серуендеуіне және сүйікті істерімен айналысуына мүмкіндік беріңіз.
7. Интернеттегі қауіпсіздігін қадағалаңыз. Әлеуметтік желідегі қарым-қатынасына қызығушылық танытып, кибербуллингтен қорғану жолдарын түсіндіріңіз.
8. Көмек сұраудан қорықпаңыз. Балаңыздың жағдайы алаңдатса, мектеп психологына немесе тиісті маманға жүгініңіз.
9. Қауіпті сөздерді елемей қалдырмаңыз. Егер бала өмірден түңілу немесе өзіне зиян келтіру туралы айтса, оны байыппен қабылдап, жалғыз қалдырмай, шұғыл кәсіби көмекке жүгініңіз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив