23
октябрь
2026
2014–2015 жылы туған ұлдар құрама командасы жүлделі ІІ орын
17–22 қазан аралығында Республика күніне орай баскетболдан өткен қалалық чемпионатта мектебіміздің 2014–2015 жылы туған ұлдар құрама командасы жүлделі ІІ орынға ие болды! Бұл — жас спортшыларымыздың табандылығы мен қайсарлығының, бірлігі мен жеңіске деген жігерінің жемісі! Әрбір дәл лақтыру, әрбір сәтті пас пен алаңдағы әрбір қадам үлкен еңбектің нәтижесі екенін дәлелдеді.🥈 Күміс жүлде — үлкен жетістіктің бастауы! Бүгінгі жеңіс ертеңгі биік белестерге жол ашсын!Жас баскетболшыларымызды және олардың жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, спорттық рух, сарқылмас күш-қуат және алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіздер! 💪🏀



