07
сентябрь
2026
«Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбында үлгілі отбасылармен кездесу
4-сыныптар арасында Отбасы күніне арналған «Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбында үлгілі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты:Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен сүйіспеншілікті нығайту. Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді сақтауға және қазіргі заманғы отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағыттау.
Кездесу барысында отбасылық құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрлер, отбасыдағы сыйластық пен өзара қолдау туралы әңгіме өрбіді. Ата-аналар өз отбасындағы қалыптасқан дәстүрлерімен бөлісіп, оқушыларға тәрбиелік мәні бар кеңестер берді. . Кездесу жылы әрі әсерлі түрде өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.


