13
апрель
2026
Вейп: Сәнді әуестік пе, әлде тығырыққа тірейтін тұзақ па?" атты тәрбие сағаты
10 "А" сыныбында "Вейп: Сәнді әуестік пе, әлде тығырыққа тірейтін тұзақ па?" атты тәрбие сағаты өтті. Сабақтың басты мақсаты — жасөспірімдер арасында белең алған электронды темекінің зияны туралы шынайы ақпаратты жеткізу және салауатты өмір салтын насихаттау. Сабақ барысында оқушылар вейптің химиялық құрамымен танысып, оның тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесіне тигізетін зардаптары туралы мәлімет алды. Арнайы көрсетілген бейнеролик вейпке деген «сәнді әуестіктің» артында қандай қауіпті тұзақ тұрғанын айқын көрсетті.
Тәрбие сағаты еркін пікірталас форматында жалғасты. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, мәселенің мән-жайын терең талқылады. Сабақ соңында сынып оқушылары топтарға бөлініп, «Электронды темекіге антижарнама» тақырыбында шығармашылық жұмыс қорғады. Бұл тапсырма арқылы балалар зиянды әдеттен бас тартудың маңыздылығын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білді. Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы. Оқушыларымыздың дұрыс таңдау жасап, зиянды әдеттерден аулақ болуы біз үшін басты назарда. Өткізген: 4 курс студенті Мырзағали А.А. Сынып жетекшісі: Арипбекова А.Ч.


