17
октябрь
2025
Бейсен Жұмагелдин бұрышы жаңа жәдігермен толықты
Мектеп мұражайында Бейсен Жұмагелдин бұрышы жаңа жәдігермен толықты. Батырдың туыстары оның өзі қолданған фото үлкейткіш құралын арнайы әкеліп, мұражай қорына табыстады. Бұл құнды зат оқушыларға өткенді тереңірек танып, тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін жақынырақ сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай жәдігерлер жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттыра түседі.


