«Жасыл мектеп – қамқор жүрек» акциясы аясындағы іс-шаралар
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасыл мектеп – қамқор жүрек» тазалық және экосана акциясы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған шаралардың мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Акция барысында «Таза аула – таза ауа» челленджі өткізіліп, мектеп аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Қанатты достарға қамқорлық» іс-шарасы аясында оқушылар құстарға арналған ұялар жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуда.
«Әр гүл – бір қуаныш» жобасы арқылы мектеп ауласы гүлдендіріліп, оқушылар табиғаттың әсемдігін арттыруға атсалысуда. Ал «Таза мектеп – таза орта» бағыты бойынша сыныптар арасында тазалықты насихаттайтын бейнероликтер челленджі ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шаралар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастырып, бірлескен еңбектің маңызын түсінуге мүмкіндік береді.


